Полицейлер бес ай бұрын ұрланған скутерді иесіне қайтармақ

Полицейлер бес ай бұрын ұрланған скутерді иесіне қайтармақ

Петропавл полицейлері қараша айында жасалған скутер ұрлығын ашты. жасалған скутер ұрлығы қараша айында ашылған. Ақау шығып, жүрмей тұрған «Racer» маркалы скутерін аулада қалдырған, түнде екі дөңгелекті көлік қолды болған. Келтірілген шығын 130 мың теңгені құрады. Қылмысты «ізін суытпай» ашу мүмкін болмады. Алайда, бес ай өткен соң, қайта ашылған мән-жайлар ұрланған скутерді табуға септігін тигізді. Ұрланғаннан кейін 50 мың теңгеге сатылғаны анықталды, соңғы сатып алушы 160 мың теңгесін салған. Күдікті Петропавлдың 23 жастағы тұрғыны екендігі белгілі болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұрланған зат алынды және тергеу әрекеттері аяқталған соң иесіне қайтарылады.

Жедел уәкілдердің айтуынша, ашылмаған қылмыстардың бірде біреуі полицияның назарынан тыс қалмайды. Қызметкерлер материалдарды жиі зерттеп, жедел ақпаратты талдап, жаңа версияларын қарастырады.

«Мүліктің қауіпсіздігі бірінші кезекте иелеріне байланысты екендігін ескерген жөн, — дейді Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Дархан Зияфиддин. — Скутерлер, мопедтер мен велосипедтер белсенді қолданылатын жылдың жылы маусымы жақындап келеді. Олардың иелеріне: егер көлік құралдарын құлыптауға мүмкіндік болмаған жағдайда оларды бейнекамералардың шолу аймағына, жарық жақсы түсетін жерлерге қалдыру қажеттігін естеріне саламыз. Қос дөңгелекті көлік құралдарын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау бойынша шаралар қабылдауды сұраймыз».