
Тергеушілер, криминалистер мен прокурорлар Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Құқықтық пәндер» кафедрасының оқытушыларымен бірлескен семинар өткізді. Сабақ университет пен облыстық Полиция департаментінің өзара іс-қимыл туралы меорандум аясында өтті. Қызметкерлер де, басшылар да теориялық білімдерін жаңартып, педагогтармен әңгімелесіп, пікір алмасты.
Жас қызметкерлер үшін алғаш рет тереңдетілген сабақ Солтүстік Қазақстан университетінің «Анатомия» зертханасының қабырғасында өтті. Интерактивті анатомиялық «Пирогов үстелінің» функционалы көмегімен полицейлер мен прокурорларға адам денесінің және ішкі ағзалардың құрылысы жайлы әңгімелеп берді. Аталған кешеннің инновациялық жоба, нағыз «3D атлас» болып табылатыны жайлы айтылды. Алған білімдері тергеушілер мен криминалистердің адамдар қалдығын табумен байланысты оқиға орындарын қарау кезінде қажет болады.
Семинардың екінші бөлімі облыстық полиция ведомствосының криминалистикалық полигонында өтті. Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембиннің басшылығымен қатысушылар оқиға орындарын қарауды жүргізудің мақсаттары, түрлері мен тактикалық шарттары бойынша білімдерін бекітті. Сонымен қатар, табу, тіркеу және заттай дәлелдемелерді алу әдістерімен, криминалистикалық сараптамалар мен зерттеулерді тағайындаумен толығырақ танысты. Сабақты Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы полиция полковнигі Игорь Семенов пен бөліністің басқа да тәжірибелі қызметкерлері өткізді. Жарқын мысал ретінде жеке тәжірибесінен олар қылмыстарды ашу мен тергеу және түрлі тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тергеушілермен өзара іс-қимыл жасау туралы әңгімеледі.
СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембиннің айтуынша, жедел уәкілдермен қатар, тергеу бөліністерінің қызметкерлері де қылмыспен бетпе-бет келеді: оқиға орындарын қарауды жүргізеді және азаматтардың өміріне, денсаулығы мен жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық істерді тергейді. Семинар еліміздің құқық қорғау жүйесін реформалауға орай өткізілді: қазіргі таңда полиция, прокуратура мен сот арасында өкілеттіктер мен жауапкершілік белгіленіп, қылмыстық процестің үшбуынды моделі енгізілуде. Полиция департаменті мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті арасындағы іс-қимыл жасау туралы меморандум 2019 жылы жасалды. Оның аясында «Заңгер» клубы жұмыс істейді; болашақ заңгерлермен тергеушілер және криминалистермен қатар жедел уәкілдер, сондай-ақ полиция ведомствосының өзге де жетекші қызметтері тығыз жұмыс істейді.