
СҚО Мамлют ауданы полиция бөліміне құны 17 мың 600 теңге тұратын күміс жүзіктің жоғалғаны туралы жергілікті тұрғын жүгінді. Жәбірленуші заттың бар-жоғын наурыз айының басынан байқамаған. Полицейлер бұл ұрлықты ащы суға әуес ер адамның кез-келген танысы жасауы мүмкін деген ойда болды. Мән-жайды анықтауға учаскелік полиция инспекторы көмектесті. Есептегі адамдармен профилактикалық жұмыс жүргізу барысында ол жасалған ұрлыққа қатысы бар ақпаратты анықтады. Бұл ақпарат арқылы жедел уәкілдерге бұрын мүліктік қылмыстық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған ауданның 45 жастағы тұрғынын анықтау мүмкін болды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған зат алынды.
«Күдіктінің сөзіне қарағанда, бас қосудан кейін ол жәбірленушінің ұйықтап қалғанын пайдаланып, жүзікті қолды қылған, - деді Мамлют ауданы ПБ бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. – Пәтер ұрлықтарының басым бөлігі спирттік ішімдіктерді ішкеннен кейін жасалды. Алкогольге қарсы заңнаманың бұзушылықтарына қарсы іс-қимыл жасау – қылмыстардың алдын алудың маңызды бөлігі. Қаңтар айынан Мамлют ауданының учаскелік полиция инспекторлары заңсыз айналымнан 222 литр спирттік ішімдікті алды».
Жалпы Мамлют ауданында 11 учаскелік полиция инспекторы және УПИ екі көмекшісі жұмыс істейді, олар 11 әкімшілік учаскеге қызмет көрсетеді. Жыл басынан олар 592 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады. Олардың басым бөлігі – спирттік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орында масаң күйде жүру. Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларымен төрт қылмыс ашылды: дизель отынын ұрлаудың 2 фактісі, тіркелмеген қаруды сақтау және есірткімен заңсыз айналысу фактілері.