Әдетте қылмыстың басым бөлігінің жасалуына ішімдік себеп болып жатады. Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөліміне қаладағы колледждердің бірінің 21 жастағы студенті жүгінген. Ол «Samsung» ұялы телефонының ұрланғанын айтқан. Шығын 55 теңгені құрады. Жедел уәкілдер бірер күн бұрын қаланың шеткі аудандарындағы дәмханалардың бірінде жәбірленушімен бірге алкогольдік ішімдік ішкен 26 жастағы қалалықтың қатыстылығын анықтады. Есін жинағасын, күдікті танысының мүлкін не үшін ұрлағанын не өзіне, не полицейлерге айтып түсіндіре алмады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған заттың қайда екенін анықтау үшін полицейлермен шаралар қабылдануда.
«Ұялы телефондар көбіне бірге алкогольдік ішімдіктер ішу барысында ұрланып жатады, - дейді Екінші ПБ бастығы полиция подполковнигі Руслан Сыздықов. – Ішімдік пәтерде ме, әлде көңіл көтеру орындарында ішіле ме маңызды емес, ұрлық тіпті бейнебақылау камераларымен жабдықталған жерлерден де жасалынып жатады. Алкогольдік масаю адам сау кезінде жасамайтын теріс қылықтардың жасалуына себеп болады. Бұндай оқиғаларға жол бермеу үшін құнды, әсіресе заманауи гаджеттер сияқты шағын заттарды қараусыз қалдырмаған жөн».
Үш айдың ішінде облыс бойынша барлығы 99 телефонға қылмыстық қол сұғушылық жасалды. Аталған қылмыс түрінің ашылуы 78%-дан жоғары.
