
Ішкі істер министрінің кеңесшісі милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков СҚО полиция ардагерлерімен кездесті. Ақсақалдар мен облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев ІІО мен Ұлттық ұлан облыстық ардагерлер ұйымы жұмысының қорытындысын талқылады, сондай-ақ Кеңестің жаңа төрағасын сайлауға қатысты.
Тәлімгерлік, қамқорлық, егде жастағы жолдастарына көмек көрсету – ІІО мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің алдында бірқатар міндеттер тұр. Пандемия барлық салалармен қатар, ардагерлер ұйымының жұмысына да маңызды түзетулер енгізді. Алайда құқықтық тәртіп қызметінің ардагерлері уақыттың сынына бой алдырмай, жас қызметкерлерді тәрбиелеу бойынша жасампаз еңбегін жалғастыруда. Бүгінгі таңда ІІО мен Ұлттық ұланның 20 бастапқы ардагерлер ұйымында 2350 зейнеткер бар, олардың ішінде: 2 – Ұлы Отан соғысына қатысушы, 15 тыл еңбеккері, 25 ауған жауынгері. Олардың арасындағы ең белсенділері жауапты және көзге көріне бермейтін, алайда аса маңыздысы - жастарға қамқорлық жасау ісіне үнемі қатысып тұрады.
Кездесуде баяндамалар тыңдалып, пікір алмасу болды, сондай-ақ Ардагерлер кеңесінің төрағасы сайланды. Аты аңызға айналған 85 жастағы милиция подполковнигі Сұраған Мырзахметұлы Көпеев солтүстікқазақстандық полиция тарихында Петропавл қаласының Құрметті азаматы атанған алғашқы солтүстікқазақстандық полицей болып табылады, ішкі істер органдарындағы еңбек өтілі – 65 жыл. 2005 жылғы қыркүйек айынан Ардагерлер кеңесін басқарып келді. Жасына байланысты ақсақал құрметті демалысқа шығуға мәжбүр болды. Дауыс берудің қорытындысы бойынша, ІІМ құрметті ардагері милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбековтің қатысуымен СҚО Ұлттық ұланы және ІІО Ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы болып Ақан Төлепбергенұлы Сыздықов тағайындалды. Полиция полковнигі Сыздықов Тәуелсіз Қазақстанның полициясы қалыптасып келе жатқан қиын шақта көп жылдар бойы облыстық полицияның жетекші бөліністерінің бірі болып табылатын – Жедел-криминалистикалық басқармасын басқарған. Ардагерлер кеңесінің алдында көпжылдық тәжірибемен ұштасқан зор міндеттер қойылған. Басты міндет – учаскелік полиция инспекторлары, жедел уәкілдер, тергеушілер мен басқа да полиция қызметтерінің жас қызметкерлері қатарынан лайықты ізбасарларды тәрбиелеу.
Жиын ардагерлерді медальдармен және Алғыс хаттармен марапаттау рәсімімен аяқталды.