СҚО полицейлері 5 күннің ішінде 26 мас жүргізушіні ұстады

СҚО полицейлері 5 күннің ішінде 26 мас жүргізушіні ұстады
Түнгі сағат 3 шамасында Жұмабаев-абай көшелерінің қиылысында полиция патрулі тексеру үшін ВАЗ-2110 көлігін тоқтатқан. Рөльде отырған 21 жастағы қала тұрғынынан алкогольдің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру масаң күйін көрсетті. Поицейлердің неліктен масаң күйде көлік құралын басқаруға жол бердің деген сұрағына, жас жігіт шұғыл ақша қажет болғандықтан жақын маңдағы банкоматқа бардым деп түсіндірген. Оның айтуынша, үстелдегі тамақ таусылғандықтан, жеткізу қызметіне тапсырыс бермек болған. «Салтанатты отырысты» жалғастыру ниеті ойдағыдай өтпеген кеш пен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша жауапкершілікке әкеп соқтырды. Сотта оған әкімшілік қамаққа алу жазасы мен 7 жылға рөльге отыруға тыйым салынбақ.

«Соңғы 5 күнде облыста 26 мас жүргізуші ұсталды, — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. — СҚО-да 26-31 наурыз аралығында «Мас жүргізуші - қылмыскер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Ұранның атауы да кездейсоқ емес, ішімдік ішкеннен кейін рөльге отыру ауыр салдарымен болатын жол-көлік оқиғаларының жасалуына әкеп соқтыратынын түсінген маңызды. ЖПІШ мақсаты – жолдарда апаттылықты азайту».

Барлығы операция өткен уақыт аралығында 2477-ден астам түрлі құқық бұзушылық, оның ішінде 236-сы жылдамдықты асыру, 80-і маневрлеу қағидаларын бұзу, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өтіп кетудің 38 дерегі анықталды. Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларынан ережені қатаң сақтауды, өмірі мен денсаулығын қатерге тікпеуді сұрайды.