
Учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық жұмысты жүргізген кезде масаң күйде жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтарды болдырмауға баса назар аударады. Жыл басынан Петропавлда ащы судың буымен 53 қылмыс жасалған, оның ішінде денсаулыққа зиян келтірудің барлық жағдайлары орын алған (мұндай 12 факті тіркелген). Бұдан бөлек, алкоголь отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын зорлық-зомбылық фактілерінің себепшісі болып табылады. Полицейлер ащы суды асыра пайдаланумен зорлық-зомбылық мәселесі қатар жүретінін жақсы біледі. Бұл ретте, ащы суды асыра пайдаланатын туысқандарынан жәбір көретін адамдар полицейлер мен дәрігерлердің көмегіне жүгіне бермейді.
Петропавл қ. тұратын 59 жастағы әйел 35 жастағы ұлын мәжбүрлеп емделуге жіберу үшін бірнеше рет өтініш жазған. Ер адам 10 жыл бойы маскүнемдер есебінде тұр. Еш жерде жұмыс істемейді, анасының жалақысына күн көреді. Масаң күйде жанжал шығарады. Ер адам түзелемін деп уәде беріп, анасын жазған өтініштерін қайтаруға сендірген. Осылайша, полицейлер кезекті рет жүгінген әйелді ұрыс-керістің соңы күш көрсетуге әкелмей тұрғанда, істі соңына дейін жеткізу қажет екеніне көндіреді. Учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Асылтас Жаңабеков қажетті құжаттарды жинастырып, ер адамның медициналық тексерістен өтуін қамтамасыз еткен. Наурыз айының соңында ол мәжбүрлеп емдеудің наркологиялық ұйымына жіберілді. Анасында жанжалдар аяқталды деген үміт пайда болды.
«Жыл басынан Петропавл қ. учаскелік полиция инспекторлары 23 адамды мәжбүрлеп емделуге жіберген, - дейді Петропавл қ. ПБ басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. - Өтірік ұялу, проблемаға көз жұму әрекеттері, маскүнемдердің түзелетініне сенуден ешнәрсе шықпайды, бұл тәжірибемен дәлелденген. Емделу – мәселеден жалғыз шығар жол. Айта кететіні, Петропавл қ. қаңтар айынан бері айығып шығуларына байланысты есептен 9 адам алынды».