Германия тұрғыны СҚО полиция мұрағатының қызметкерлеріне алғыс білдірді

Германия тұрғыны СҚО полиция мұрағатының қызметкерлеріне алғыс білдірді

СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевтың атына Германиядан алғыс келіп түсті. Алғыс білдірілген сөздер қуғын-сүргінге ұшыраған туыстарының тағдырын анықтауға көмектескен облыстық полиция ведомствосының Арнайы мемлекеттік мұрағаты қызметкерлеріне арналған.

Лилия Нельде Петропавл педагогикалық колледжінде жиырма жылдан аса қызмет атқарып, талай шәкірттердің жүрегінен орын алған абзал жан, ол 2000 жылы тарихи отанына қоныс аударған. «Мен мұнда өз отбасымның тарихын зерделеуге жүгіндім. Жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарындағы қуғын-сүргінмен байланысты тағдырдың бастан өткерген ауыртпалықтары жатыр», — деп жазады ол. Нельденің тегіс ұрпақтары жайлы мәлімет 1930-50 жылдары заңсыз сотталған және кейін ақталған солтүстікқазақстандықтарға қатысты 5364 қылмыстық істің арасында сақтаулы. Нельде отбасындағы қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыс бірнеше айға созылды. Лилия Александровна қуғын-сүргінге ұшыраған жеті туысы жайлы мәлімет алды. Оның біреуі атылып, қалғаны 10 жылға лагерьге қамалған.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда, Ресейде және Германияда тұрып жатқан біздің үлкен отбасымыздың барлық мүшесі атынан архив қызметкеріне, әсіресе Эльмира Рафаильевна Валиулинаға, оның жауапкершілік құзыреттілігіне, шыдамдылығына, ілтипаттылығына, адамдарға деген кішіпейілділігі мен құрметіне, мәселені жете түсініп, оны нақты және уақтылы шешуге жәрдемдескені үшін алғыс білдіремін», — дейді өз хатында әйел.

«2014 жылы облыстық ҰҚКД полиция ведомствосына қуғын-сүргінге ұшырағандарға қатысты қылмыстық істерді тапсырған уақыттан бастап, біздің көмегімізбен 130 астам адам отбасы тарихы жайлы толығырақ білді, — дейді Арнайы мемлекеттік мұрағаттың бас маманы полиция майоры Эльмира Валиулина. — Айта кететін болсақ, бүгінгі таңда Лилия Александровна төрт сұрау салу жіберген — олар 1938 жылы тұтқындалған ағасы мен атасына, отбасының басқа да мүшелерімен туыстық қатынастарын растауға қатысты болды. Тарихи әділдікті қалпына келтіру бойынша жұмыс жалғасатын болады...»