
СҚО Қызылжар ауданының тұрғыны пәтеріне ұрының түскені туралы хабарламамен жүгінді. Пәтер иелерінің болмағанын пайдаланған белгісіз қылмыскер үйге терезе арқылы кірген. 30 мың теңге тұратын күміс бұйымдар мен құны 40 мың теңге вискиді қолды қылған. Полицейлер жедел-іздестіру әрекеттеріне кіріседі. Әккі қылмыскер барынша із қалдырмауға тырысқан, осылайша өзінің мұндай қылмыспен бұдан бұрын да айналасқанын көрсеткен. Ұқсас қылмыс жасағаны үшін істі болғандарды тексеру кезінде Петропавл қаласында тіркелген 33-жастағы бұрынғы аудан тұрғыны анықталды. Өткен жылдың қазан айында ол пәтер ұрлығы үшін жазасын өтеп, бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан екен. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша енгізілді. Күміс бұйымдар алынды және тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін иелеріне қайтарылатын болады.
«Бүгінгі таңда аудандық полицияның есептерінде бұрын түрлі қылмыстар жасағаны үшін сотталған 29 адам бар, - деп атап өтті Қызылжар ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Петр Климов. – Олардың біреуі әкімшілік бақылауда, бақылау бұрын сотталған, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты белгіленеді. Есептегі адамдармен рецидивті қылмыстың жасалуын болдырмау үшін профилактикалық жұмыс жүргізіледі».