Петропавл полицейлері асыл тұқымды иттің ұрлығын ашты

Петропавл полицейлері асыл тұқымды иттің ұрлығын ашты

Петропавл қ. ПД Екінші ПБ кезекші бөліміне хаски тұқымды итінің ұрланғанын айтып қала тұрғыны жүгінген. Шығын сомасы 120 мың тегені құраған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарады. Бейнежазбадан жәбірленушінің үйінен кетіп бара жатқан көлікті көрген. Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады, ол сол ауданда тұрып жатқан 23 жасар қала тұрғыны болып шықты. Ит оның ауласынан алынды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-б. «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Бұл оқиғаға дейін хаскидің ауласынан қашып кеткені белгілі болды, - дейді Екінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Сыздықов. Сол жолы күдікті тауып алып, үйіне жетектеп кеткен, алайда ит амалын тауып үйіне қайтып келген. Бірнеше күннен соң жәбірленушінің үйінің маңынан өтіп бара жатқан күдіктінің көзі тор қоршаудағы таныс итке түседі. Оның айтуынша, хаски оған қатты ұнап қалғаны сонша, ол өзін-өзін ұстай алмай, үйдің ауласына заңсыз ену жолымен ұрлық жасаған. Мүліктерінің сақтылығы, ең алдымен иелерінің мұқияттылығына байланысты екендігіне қалалықтардың назарын аударамыз».