Облыс аудандарының халқымен кездесу барысында СҚО полиция басшысы 29 ауылдықты қабылдады

Облыс аудандарының халқымен кездесу барысында СҚО полиция басшысы 29 ауылдықты қабылдады

Халықпен кездесу аясында СҚО Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев кезең-кезеңімен 13 аудандық полиция бөлімдері басшыларының жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары туралы есептерін тыңдады. Халықпен кездесу Айыртау және Жамбыл аудандарында аяқталды.

Айыртау ауданы 14 ауылдық округінен тұрады. Аудан Имантау-Шалқар курорт аймағымен белгілі, аталған аймақ Қазақстанның басымды туристік аумақтарының ондығында. Туристер саны жылдан жылға артып келеді. Бұл аудан полицейлеріне қосымша жауапкершілік жүктейді. Айыртау ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Марат Серкешевтің ақпараты бойынша криминогендік жағдай бақылауда: өткен жылдың қорытындысы бойынша 195 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, қылмысты ашу деңгейі 88% құраған. Аудандық полиция бөлімі кезекші бөліміне 28 камера қосылған, камералардың көмегімен 3 қылмыс ашылып, 139 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Аудандық жедел уәкілдердің жұмысындағы оңды мысалдардың бірі Гусаковка және Имантау ауылдарында орын алған жылқы ұрлығын, сондай-ақ көршілес Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда жасалған бірқатар ұрлықты ашу болды. Сондай-ақ, Қаратал ауылы тұрғынынан 25 жылқы ұрлығы ашылған. Бұл ретте, облыстық полиция басшысы айыртаулық полицейлерді аталған қылмыс түрін ескерту бойынша жұмысты белсенді жүргізуге бағдарлады. Бұдан бөлек, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша жұмыс жүргізу және жұртшылық, ақсақалдар кеңесімен, белсенді азаматтармен жұмысты жандандыра түсу аса маңызды.

Айыртау ауданының әкімі Дархан Әмрин полиция бөлімінің және жергілікті атқарушы органдардың өзара ынтымақтастығы бір жолға қойылғандығын атап өтті және аудандағы курорт аймағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін туристік полиция бөлінісін құру қажеттігіне назар аударды. Марат Төлебаев аталған сұрақ министрліктің және облыстық департаменттің бақылауында тұрғанын атап өтті. Жиын соңында ауданның бірнеше белсенді тұрғыны ПД Алғыс хатымен марапатталды, сондай-ақ облыстық полиция басшысы азаматтарды жеке қабылдауды өткізді.

Жамбыл ауданы халықпен кездесулердің соңғы нүктесі болды. Марат Төлебаев Саумалкөлде сияқты Пресновка ауылындағы учаскелік полиция пунктінде жұмыс істейтін полицейлердің жұмыс жағдайымен танысты, аудандық полиция бөліміндегі үй-жайларды тексерді. Жамбыл ауданы көз тартарлық табиғатымен және Благовещенка ауылындағы емдеу-алдын алу мекемесімен белгілі, бұнымен қоса солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі. Марат Төлебаевтың ішкі істер органдарын реформалау барысы және облыстық полицияның басымды жұмыстары туралы баяндамасынан кейін аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Асан Мейрамов аудан әкімі Марат Ескендіровтің және ауылдықтардың алдында есеп берді. Қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алу- басты назарда, өткен жылы түрлі құқық бұзушылықтар туралы 2187 арыз бен хабарлама қарастырылған екен. 200-ден астамы - қылмыстық құқық бұзушылықтар, олар бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 12 айдың қорытындысы бойынша қылмыс саны 26%-ға төмендеген. Дей тұрғанымен, облыстық полиция басшысы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жұмысына, мал ұрлығына қатысты бақылауды қатаңдату, сондай-ақ қару иелері арасында қылмыстың алдын алуды тапсырды.

Белсенді өмірлік ұстанымы, жоғары жауапкершілігі және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен төрт аудан тұрғыны марапатталды. Сондай-ақ, азаматтарды жеке қабылдау өткізілді, қабылдау барысында адал қызметі үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларға және учаскелік полиция инспекторларына алғыс айтылды. Облыстың барлық аудандарында өткізілген көшпелі кездесулердің қорытындылары бойынша Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев 29 ауылдықты қабылдады.