
ҚР ІІМ Қоғамдық кеңесінің онлайн-отырысында Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевтың баяндамасы тыңдалды. Солтүстікқазақстандық полиция басшысы ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасының 2019-2021 жылдарға арналған іс-шараларын іске асыру туралы ақпараттандырды.
Ашықтығы, айқындылығы және қызмет көрсетуі полиция қызметіндегі негізгі басымдылық болып табылады. Марат Төлебаев жеке құрамның кадр әлеуетін оңтайландыру жұмысы туралы, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау жөнінде, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы айтып берді. Облыс орталығында 41 қызметкер мен олардың отбасы мүшелері тұрып жатқан ведомстволық жатақхана жұмыс істейтінін атап кетті. Биылғы жылы жергілікті атқарушы органдардың және ауыл шаруашылық өндірушілердің көмегімен Мамлют ауданының Новомихайловка ауылында арнайы ауылдық учаскелік полиция инспекторы үшін тұрғын үймен қосылған полиция пунктін салу жоспарлануда. Бұл бастаманы алдағы уақытта облыстың өзге де аудан әкімдері қолдамақ.
Марат Төлебаевтың сөзінше, сервистік моделге көшудің негізгі принциптерінің бірі - халыққа жақын болу. СҚО полициясының барлық аумақтық бөліністерінде келушілерге ыңғайлы болу үшін жағдайлар жасалған: «азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі». Сондай-ақ, облыс орталығында заманауи модульдік бекеттер жұмыс істейді. Биылғы жылы Жас Өркен, Береке, Былғары зауыты, вокзал маңы ықшам аудандарында заманауи модульдің тағы төртеуін тұрғызу жоспарлануда. Бұл полицейлердің үнемі учаскелерінде болуына мүмкіндік береді және құқық бұзушылықтардың төмендеуіне оң әсерін тигізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету, қылмыстық істерді сапалы тергеу, бірізділік принципі бойынша азаматтардың өтініштерін қабылдау - СҚО ПД бастығымен жұмыстың барлық негізгі бағыттары қамтылды. ҚР ІІМ Қоғамдық кеңес мүшелерін тергеу бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ солтүстікқазақстандық полицейлердің РФ шекаралас аумақтарындағы әріптестерімен өзара іс-қиымлдарын нығайту мәселелері қызықтырды. Жалпы СҚО ПД жұмысы ҚР ІІМ Қоғамдық кеңес төрағасымен және мүшелерімен оң бағаланды. Сонымен қатар, жұртшылық пен полицейлер арасындағы ынтымақтастықтың бір жолға қойылғанын СҚО ПД Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов те атап өтті.