СҚО полиция басшысы өткізілген халық алдындағы есеп беру кездесулері аясында шалғайдағы аудан тұрғындарының тілектерін тыңдады

СҚО полиция басшысы өткізілген халық алдындағы есеп беру кездесулері аясында шалғайдағы аудан тұрғындарының тілектерін тыңдады

Шалғайдағы Ақжар мен Уәлиханов аудандарының тұрғындарымен өткізілген кездесуде Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев ауылдағы учаскелік полиция инспекторларының қызметіне баға беріп, тұрғындардың тілектері мен ұсыныстарын тыңдады.

Талшық ауылдық округіне екі учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсетеді. Олар Талшықтың орталығында орналасқан "тірек пунктінің" үй-жайында кезекшілік атқарады. Учаскенің құрамында аудан орталығынан бөлек, үш ауыл бар. Халықтың жалпы саны- 4395 адам. Жергілікті учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Берік Әмреновтің айтуынша, өткен жылы округте 22 қылмыс тіркеліп, 406 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Еркін Махметов аудандық полицияның жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары туралы аудан әкімі Қанат Қалиевтің, аудан активі мен тұрғындары алдында есеп берді. Ол 2020 жылы қылмыстың 41% төмендегені туралы атап өтті. Қылмысты ашу деңгейі 95% құраған. Ауданның облыс орталығынан шалғайда орналасқаны және жердің басым бөлігі далалы болғаны мал ұрлау қаупін арттырады. Еркін Махметовтің айтуынша, әрбір ауылдық округінде қараусыз жүрген ауыл шаруашылық жануарларына арналған мамандандырылған қашалар орнатылған, шарттар мен меморандумдар жасалған.

Кездесу аяқталғаннан кейін облыстық полиция басшысы аудан полицейлеріне бірқатар нұсқаулар беріп, жұмыста көмек көрсеткен ЖШС директорлары мен шаруашылықтардың басшыларына алғысын білдірді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.

Полиция бөлімінің және учаскелік пунктінің ғимараттарына бару, кездесу аясында халықпен диалог жүргізу - Уәлиханов ауданының тұрғындарымен де ұқсас кездесу өткізілді. Аудан орталығы Кішкенекөл СҚО-да ең шалғайдағы болып саналады, Петропавлмен арасы 340 км құрайды. Елді мекенге екі учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсетеді. Уәлиханов ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Әлижанов ауылдықтар мен аудан әкімі Қайрат Пшенбаевтың алдында есеп берді, ол аудандағы криминогендік жағдай- тұрақты және бақылауда екенін атап өтті. Өткен жылы 84 қылмыс тіркелген, қылмысты ашу деңгейі 98% құраған. Полицейлер қылмыс пен құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша жұмысты күнделікті жүргізуде.

Ақжар ауданында өткен кездесудегідей Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаев полицейлерді мал ұрлығын, интернет-алаяқтықты, қару иелері және есептегі тұлғалар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша жұмысты белсенді жүргізуге бағдарлады. Сондай-ақ, облыстың бас полицейі байланыстың бірізділігі қағидасы бойынша жұмыс істейтін жаңа "102" мобильдік қосымшасының жұмысын түсіндірді.

Кездесу соңында ауданның төрт белсенді тұрғыны СҚО ПД Алғыс хатымен марапатталды. Азаматтарды қабылдауда аудандық полицейлердің жұмысы туралы жағымды пікірлер білдірілді, жолға айтарлықтай жүктеме түсіретін ауыр жүк көліктерінің трафигіне қатысты, сондай-ақ жұртшылық пен аудан полицейлерінің бірлескен жұмысын жандандыру қажеттігі туралы сұрақтар қойылды. Аудандық полиция бөлімінің басшылығына әрбір сұрақ бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды, Марат Төлебаев барлық сұрақтарды бақылауға алды.

Халықпен кездесу, ауылдық учаскелік полиция инспекторларының жұмыс жағдайына мониторинг жүргізу, полиция жұмысы туралы ауылдықтардың пікірлерін зерделеу ҚР ІІМ жарияланған "Құқық бұзушылықтардың алдын алу және " жұртқа жақын полиция" қағидатын қамтамасыз ету жылы " аясында өткізілуде. Облыстық полиция ведомствосының басшысы Марат Төлебаев облыстағы 13 ауданның басым бөлігіне барып қайтты. Облыстың барлық аудан тұрғындарымен кездесулерді наурыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.