Жас кинолог алғашқы шыққан жұмысында есірткі анықтады

Жас кинолог алғашқы шыққан жұмысында есірткі анықтады

Солтүстік Қазақстан облысының жас полиция қызметкерлерін кинология қызықтыруда. Қазіргі уақытта қызметтік-іздестіру иттерімен, қызметте тәжірибесі бір жылға жетпейтін төрт полиция қызметкері жұмыс істейді. Алайда, тәжірибелі «формалы жаттықтырушылар» атап өткендей, оқу мен тәжірибе қаншалықты маңызды болса да, ең алдымен туа біткен жұмысқа бейімділік, төрт аяқтыларды түсіну қабілеті қажет.

Қызметін енді бастаған Мамлют ауданы полиция бөлімінің инспектор-кинологі полиция сержанты Әлібек Уәлихановты мысалға келтіруге болады. Ол осы кезге дейін айдауылдаушы-полицей қызметін атқарды, бірақ, өзі мойындағандай, жануарлармен жұмыс оны бала кезінен қызықтырған. Оның ниетін қолдағаны үшін ол полиция ведомствосының басшылығына ризашылық білдіреді. Әлібекке аймақтағы ең тәжірибелі «төрт аяқты полицейлердің» бірі лабрадор-ретривер Амиго тиген. Ол есірткіні іздеу бағдарламасында оқытылған. Онымен жұмыс істеген кинолог басқа ауданға ауысып кеткен, сондықтан соңғы кездері Амиго мәжбүрлі демалыста шыққан. Осы уақыт ішіндегі иттің біліктілігін Кинологиялық қызмет орталығының аға инспектор-кинологі полиция майоры Ерік Кәрібаев тексерді. Оның айтуынша, ит өзінің әдеттегі қызметіне кіріскен. Сонымен қатар, ол жаңа жаттықтырушысын қуанышпен қабылдаған.

«Сангвиник адам мен холерик ит мінездерімен сәйкес келді, - дейді ол. - Полиция сержанты Уәлиханов қызметке тағайындалған соң бір аптадан кейін, оларға іс жүзінде өздерін дәлелдеуге мүмкіндік түсті. Жедел ақпаратты тексеру кезінде Әлібек Амигоны жеке ауланы тексеруге пайдаланды. Ит 100 граммнан астам марихуана оралған пакеттің сақталған орнын тауып берді. Бұл қабілет пен табандылық әрқашан жетістікке апаратынды көрсететін бір ғана мысал».

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері есірткі іздеу үшін 15 рет қызметтік-іздестіру иттерін пайдаланды. Бесеуі оң нәтиже берді. Иіс арқылы алынған есірткінің жалпы салмағы 15 келіден асты.

СҚО ПД баспасөз қызметі