
Наурыз күндері Солтүстік Қазақстан полициясының музейі қызу жұмыс істеуде. Көктемнің шұғылалы мерекесінде қайырымдылық акциялармен қатар, жас қызметкерлермен тәрбие жұмысы да өткізілді.
СҚО Полиция департаментінің барлық аумақтық бөліністерде музей бөлмелері жұмыс істейді. Тимирязев ауданы полиция бөліміндегі музей бөлмесінің мақтанышы - 1957 жылы кеңестік шаруашылық жұмысшы кооперативінің төрағасы лауазымынан учаскелік полиция инспекторы лауазымына ауысқан Ұлы Отан соғысының ардагері Андрей Батенковке арналған экспозиция. Оның марапаттарының фотокөшірмелері және жеке заттары адамның тағдыры мен заман бейнесін елестетуге мүмкіндік береді. Айта кететіні, Андрей Ивановичтің көк түсті нысанды киімі облыстық полиция ведомствосының музейіне қойылған.
Солтүстікқазақстандық полиция музейінің бай қоры облыс халқына бұрыннан белгілі. Наурыз мейрамы қарсаңында СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері ішкі істер органдарының тарихымен танысуға келді. Ведомство басшысының орынбасары Сергей Потанин мемлекеттік қызметшілердің бойында адами құндылықтарды қалыптастыруда тәрбие жұмысының рөлін және полицейлердің осы бағыттағы тәжірибесін аса жоғары бағалады.
"Музейлерде өткізіліп жатқан кездесулер Наурыз мейрамын мерекелеумен үйлесім тапты- деді СҚО Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев. - Мереке күндері полицейлер қайырымдылық акцияларын өткізеді, құттықтап, көмек көрсету үшін зейнеткерлерге барады. Ауланы қардан тазалап, шығарады және азық-түлік әкеліп, медициналық тексерісті ұйымдастырады. Петропавл қ. полицейлер милиция ардагері және майдангердің жесірі " МЛД" зауытында фрезерші болған Анна Милютинаға барып қайтты. Ал Ғ. Мүсірепов атындағы аудандағы тәртіп сақшылары 1941 жылы еріксіз көшірілген Поволжье немістерінің бірі болып табылатын Ольга Михельге барды. Қызылжар ауданында тың игеруші Вера Власенко да ұмыт қалған жоқ. Қайырымдылық "картасында" ерлік пен драмалық сәттерге толы облымыздың тарихы көрініс тапты. Мереке күндері Тайынша, Қызылжар, Ақжар, Тимирязев ауданы және тағы да баска аудандық полиция бөлімдерінде ұйымдастырылған жастардың аға буынмен кездесуі өте орынды дегім келеді. Үлкенге құрмет, өлкеміздің өркендеуіне қосқан үлестері үшін оларға алғыс білдіру - халықтың салт-дәстүрлеріне құрметті қалыптастырады".
СҚО ПД баспасөз қызметі