
Құқықтық тәртіп қызметінде жеке өмірге уақыт аз бөлінеді. Мұны Мырзағұловтар отбасы жақсы біледі. Ерлан – жедел уәкіл. Оның жары Қымбат – тергеуші. Бүгін дастарқан басына үш ұрпақ өкілдері жиналды. Облыс бойынша мүліктік қылмыстарды тергеуге жетекшілік ететін полиция майоры бүгін қамқор анаға айналған. Ол ұлттық тағамдар: бешбармақ пен наурыз көже әзірледі. Наурыз көженің құрамындағы жеті түрлі тағам бақыт, сәттілік, даналық, денсаулық, байлық, өркендеу мен аспанымыздың ашықтығын білдіреді.
«Балаларыма өте ұнайды, - дейді ол. – Наурыз көже мен бешбармақты жыл сайын әзірлеймін – әсіресе, жұбайым сүйсініп жейді, туған-туыстарым да мерекелік дастарқанға жиналады. Отбасым үшін тағмдарды өзім әзірлегенді ұнатамын, бұл туғандарыма деген шексіз махаббатымды білдірудің бір түрі... »
Қымбаттың анасы – Жұмажан апа өте қуанышты: өйткені отбасы мүшелері бірге, сәнді киінген немерелері балабақшада Наурыз мейрамын қарсы алғандары жайлы жарыса әңімелеп те берген. Қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келген дәстүрлері күнделікті өмірлеріне сіңіп кеткен. Бір шаңырақ астындағы отбасы жайлылығымен көктемгі мерекенің сиқырлы лебі еседі. Қымбаттың анасы Шығыс күнтізбесі бойынша келген Жаңа жыл отбасымызға бақыт, халқымызға береке-бірлік тілеп, батасын берді.
Мырзағұловтар отбасы барлық жерлестеріне бейбіт өмір, көктемнің шуағы мен жылулық тілейді. Біз үші баға жетпес сый – мерекені отбасымен бірге өткізу. Ертең ерлі-зайыпты полицейлер үшін заң мен құқытық тәртіп күзетіндегі күнделікті жұмыстары қайта басталады.