Ресей Федерациясының тұрғыны Солтүстік Қазақстан облысының нәзік жанды полицейіне алғысын білдірді

Ресей Федерациясының тұрғыны Солтүстік Қазақстан облысының нәзік жанды полицейіне алғысын білдірді

Facebook әлеуметтік желісіндегі солтүстікқазақстандық пабликтердің бірінде Ресей Федерациясының тұрғыны полиция капитаны Кристина Клоповаға алғысын жариялаған. Ол Қызылжар ауданының полиция бөлімі штабының аға инспекторы қызметін атқарады. «Менің атым Татьяна Граумс, мен Түмен қаласында тұрамын, - деп жазыпты ресейлік әйел. - Ақпан айында біз Бескөл ауылында қонақта болдық. Дүкеннен шығып бара жатып, ішінде көп ақша салынған әмиянымды түсіріп алыппын. Күйеуіміз екеуіміз кетіп қалдық, бізді үстіне форма киген қыз қуып жетті... Ол біздің артымыздан жүріп отырып, тоқтатпақшы болды, бізден полицияға не керек екен деп ойладық», - деп күлімсірген белгілерді қоса отыра, толықтырыпты ресейлік әйел. - Жергілікті газетті қарап отырып, оның аты Кристина Клопова екенін білдік. Біз оған ризашылығымызды білдіргіміз келеді, мұндай адал адамдар аз».

Кристина ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет етіп келеді, 2018 жылы аудандық бөлімге келгенге дейін Петропавл қаласы Полиция басқармасында тергеуші болып қызмет атқарды. Оның өзі жылы лебіздерге ұяла қарайды. «Жоғалғанды қайтарып беру – адам үшін бір ғана әрекет, - дейді ол. Біздің әрқайсымыз, яғни полицейлер адамдарға көмектесу үшін форма кигенбіз».

Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Жәнібек Мұхамадиев Кристинаның тек жағымды жағынан сипаттап қана қоймай, сонымен қатар «Ол белсенді, мақсатшыл, әрқашан позитивті», - дейді. - Жүктелген тапсырмаларды бірден шешу оның табиғатында бар. Ол өз міндеттерін тек жауапкершілікпен ғана емес, сонымен қатар бар ынтасымен орындайды. Ол туралы аудандық газеттен мәліметтер табудың өзі кездейсоқ емес. Қаңтарда «Маяк» аудандық газетінің редакциясы полиция бөлімінің ең үздік қызметкерлерінің бірі ретінде мақала жазған болатын».