СҚО полицейлері кәсіпкерлерге қылмыстан қорғану шараларын ұсынды

СҚО полицейлері кәсіпкерлерге қылмыстан қорғану шараларын ұсынды
Петропавлдағы Оқушылар сарайында СҚО полицейлері облыстың кәсіпкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді. Ломбардтар, айырбастау пункттерінің, шағын несие беру ұйымдарының, ЖҚС, қоғамдық тамақтану объектілерінің және жеке күзет құрылымдарының басшылары шақырылды. Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Баужанұлы Ахметов пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Арман Сарбайұлы Оразғұлов қатысты.

2020 жылы облыста ЖҚС 1 қарақшылық шабуыл жасау, ломбардтарда 2 алаяқтық фактісі тіркелді. Биылғы жылы ЖҚС мен ломбардта тонау орын алды. Бұл қылмыстардың жасалуына басты себеп күзетті ұйымдастырудағы қателіктердің болуынан деп тоқтала кетті СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. «Талдау көрсетіп отырғандай, нашар техникалық нығайтылған объектілер қылмыстық қолсұғушылыққа жиі ұшырайды, - дейді ол. – Бейнебақылаудың, жеке күзеттің болмауы, аумақтардың жеткілікті жарақталмауы – қылмыстық әрекеттердің жасалуына әкеп соқтыратын факторлар. Бейнебақылау – аса тиімді қорғану құралдарының бірі болып табылады. Бейнекамералардың арқасында өткен жылы 882 қылмыс, 2021 жылдың екі айында – 87 қылмыс ашылды».

Жергілікті полиция бастығы интернет-алаяқтық мәселесіне жеке тоқталды. СҚО әр алты факті бөгде адамның атына онлайын-несие ресімдеу арқылы жасалады. Шағын несие беру ұйымдарының басшыларына қатаң түрде займ алу талаптарын күшейту, займ алушының жеке басын сәйкестендіру, алуға бейне қоңырау бойынша оның келісу мәселесін пысықтау ұсынылды. Кибер қылмысқа қолдан келгенше қарсы іс-қимыл жасау аса қажет екендігін атап өтті СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров. Бұл «жаңа» жуырда пайда болған қылмыс түрі өсуге бейім. Екі айдың ішінде СҚО-да 139 интернет-алаяқтық тіркелді – орта есеппен әр күні екі фактіден жасалады.

СҚО Полиция департаменті Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Даньяров күзет агенттіктерінің басшыларына қызметкерлердің мамандандырылған оқу орталықтарында уақтылы оқудан өтуін қамтамасыз етуді, дене шынықтыру және күрестің арнайы тәсілдері бойынша қосымша сабақтарды өткізуді ұсынды. СҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбілов кәсіпкерлерді шетел азаматтарын жұмысқа қабылдаған кезде заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертті. Сондай-ақ, ол жыл басынан шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзғаны үшін ҚР 12 азаматы жауапқа тартылғаны туралы хабарлады.
Бизнес өкілдері полицейлердің құқықтық тәртіпті нығайту туралы бастамасы жөнінде оң пікірлерін білдірді. «Міндетті түрде физикалық және пульттік күзеттің, бейнебақылаудың болуы – басшылығымыз қорғалу мәселелері, ұрланғанды сату әрекеттеріне қарсы іс-қимыл бойынша принципті көзқарасты ұстанады», - деді «Астра-Ломбард» желісінің өңірлік директоры Несібелі Әлімқұлова. Мүліктік қылмыстарға қарсы тосқауыл қою жөніндегі полицейлердің көзқарасына сай келетін оның пікіріне кездесудің басқа да қатысушылары қосылды.

Кездесуді қорытындылай келе, СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев бизнес-құрылымдардың басшылары қарамағындағы қызметкерлердің, кәсіпорын клиенттерінің қауіпсіздігіне жауапты екенін атап өтті. Қылмыстық қол сұғушылықтарды болдырмау қоғам мен полиция өзара тығыз іс-қимыл жасаған кезде ғана мүмкін болады.