
Адам көп объектіде қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болады? СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі басқармасының қызметкерлері осы тақырыпта Петропавл қ. және облыс аудандарындағы «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілдеріне онлайн-сабақ өткізді. Кездесу «ZOOM» бейнебайланыс режимінде өтті. Полицейлер террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын реттейтін заңнамадағы өзгерістер туралы айтты. Олар техникалық нығайтылуы мәселелеріне толығырақ тоқтала кетті. Террористік сипаттағы қауіп төнген кезде қызметшілердің іс-қимылдары алгоритмі де сөз болды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары эстремистік және террористік сипаттағы қылмыс үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктің қарастырылғанын еске салады. Профилактикалық бейнероликтер көрсетілді. Бұл жыл басынан полицейлермен өткізілген бесінші онлайн-сабақ.
«Террористік тұрғыдан осал объектілер басшыларының назарларын, қызметшілер мен келушілердің өмірі мен денсаулықтарына жеке жауапты екендіктеріне аударамыз, - дейді СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығы полиция подполковнигі Руслан Жарасбаев. Тексерістердің мақсаты айыппұл санкциялары болып табылмайды, олардың нәтижесі бойынша стратегиялық маңызды және адам көп жұмыс істейтін кәсіпорындарда, ұйымдарда қауіпсіздікті, террористік қауіптен адамдарды қорғауды қамтамасыз ету болуы тиіс».
Өткен жылы террористік тұрғыдан осал объектілерді тексеру барысында жол берілген бұзушылықтар үшін 5 басшы жауапкершілікке тартылды. Полицейлермен кемшіліктерді жою бойынша 80 ұйғарым шығарылды.