Солтүстікқазақстандық полицияның жеке құрамы Covid-19 қарсы екпе алуды бастады

Солтүстікқазақстандық полицияның жеке құрамы Covid-19 қарсы екпе алуды бастады

СҚО полицейлері ерікті түрде COVID-19 қарсы екпе еккізуді бастады. Облыс орталығында полиция қызметкерлері «Денсаулық» жеке коммерциялық емес мекеме базасында, ал облыс аудандарында – аудандық орталық ауруханаларда екпе алуда.

Бүгін кезең-кезеңімен облыстық және қалалық полиция ведомствосынан ондаған қызметкер емханада болды. Медициналық тексеруден және денсаулық жағдайы жайлы сұрақтардан соң, әрқайсысы «Спутник V» вакцинасы екпесін алды. Олардың қатарында алғашқылардың бірі болып – «102» пультінің операторы полиция сержанты Ирина Рамазанова екпе салғызған. Өзін-өзі сезінуі қалыпты, көңіл-күйінің ширақ екендігін айтты. Қызметкердің айтуынша, вакцина егу туралы шешімді, бірінші кезекте туыстары, жақындары мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігі үшін қабылдаған.

СҚО ПД Медициналық бөлімінің басшысы Сергей Федоровтың айтуынша, өз қалауымен екпе егуге ниет білдірген полицейлердің тізімі жасалды. Алғашқы күні облыс орталығында 40 қызметкерге екпе егу жоспарлануда. Екпе егу науқаны ішінде күн сайын сонша тәртіп сақшысы вакцина алатын болады. Департамент бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев алғашқылардың қатарында, вакцинамен екпе салғызып, өз денсаулығыңды ойлау - өте маңызды және аса қажет екендігін іс жүзінде көрсете отыра, жеке құрамға үлгі болған. «Екпе салғызу денсаулық сақтау жүйесінде жағдайды жеңуге және коронавирустық инфекцияның таралуы мен ауыр салдарынан барынша қорғануға мүмкіндік береді деп санаймын», - дейді полиция ведомствосының басшысы.

Полицейлер құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді, тәулік бойы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау бойынша қызмет атқарады. Пандемия басталған сәттен полицейлер медицина қызметкерлерімен бірге коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы шепте тұрды. Облыс полицейлеріне 3 мыңға жуық ПТР-зерттеу жүргізілді.