СҚО Көші-қон полицейлері 3 күн ішінде алты қылмыскерді ұстады

СҚО Көші-қон полицейлері 3 күн ішінде алты қылмыскерді ұстады

СҚО полицейлері облыс тұрғындарына көші-қон заңнамасы нормаларын қатаң сақтау қажеттігін естеріне салады. Заң талаптарына сәйкес шетелден қонақтарды қабылдаған кезде бұл жайлы үш күндік мерзімде көші-қон қызметіне хабарлау қажет. Бұл жайлы тәртіп сақшылары БАҚ пен әлеуметтік желілерде бірнеше рет айтқан болатын. Дегенмен, «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шараның екінші кезеңінде анықталған бұзушылықтардың көп жасалуына шетелдік жақындары тұрып жатқандар жол берген. Осындай 96 факті анықталды. Сонымен қатар, ҚР болу қағидаларын бұзған 47 шетел азаматы және шетелдіктердің еңбегін заңсыз пайдаланған 15 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Көбіне, мұндай жағдай еңбекпен айналысуға рұқсаты жоқ жақын шетел азаматтары қосалқы жұмыстарға орналасатын жеке шаруашылықтарда болып жатады. Бұдан бөлек, Жамбыл ауданында шаруашылық субъектілерін тексеру кезінде тонау жасаған Ақмола облысының 56 жастағы тұрғыны іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.

«Барлығы ЖПІШ өтізілген кезеңде есірткімен заңсыз жұмыс істеген, денсаулыққа зиян келтірген, шекараны заңсыз кесіп өтпек болған және өзге де қылмыстар жасағандары үшін іздеуде жүрген 6 қылмыскер ұсталды, — деп хабарлайды СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбілов. — ЖПІШ мақсаты — көші-қон саласындағы құқықтық тәртіпті нығайту. Қол жеткізілген нәтиже, пандемияның «шырмауына іліккен» және еріксіз құқық бұзушыға айналған, болу мерзімі аяқталған соң елден шығуға мүмкіндігі болмаған 136 шетелдіктің құқықтық мәртебесі ретке келтірілді. Бұл бағыттағы жұмыс операция кезеңінде де күшейтілді. Работа в это направлении также была усилена в период операции. Әр жағдай зерделеніп, алдағы уақытта келуі үшін негіздер болғанда шетел азаматтарына жаңа рұқсаттар берілді. Басқа жағдайларда шетелдіктердің отанына оралуына мүмкіндік жасалды».