СҚО полицейлері ескерткішке қойылған гүл мен гүл шоқтарының жоғалу себебін түсіндірді

СҚО полицейлері ескерткішке қойылған гүл мен гүл шоқтарының жоғалу себебін түсіндірді
Бүгін Петропавлдың қалалық пабликтерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке бірер күн бұрын қойылған гүл шоқтарының шашылуы және гүлдердің болмауы фактісі бойынша наразы болған тұрғындардың посты мен видеосы жарияланды. Әлеуметтік желілердегі наразылықтарын білдірген желі қолданушылары жасаған бұл әрекеттері үшін қаскөйлерді жазалауды талап етті.

Тексеру іс-шаралары барысында 1-ші полиция бөлімінің қызметкерлері сол аумақты тазарту кезінде коммуналдық шаруашылық қызметкерлері ауа райының құбылысына байланысты ескерткіштің айналасына шашыраған гүлдер мен гүл шоқтарын жинағанын анықтады. Бейнежазбада олардың жинаған гүлдер мен гүл шоқтарын қоқыс жәшіктеріне апарып тастағаны көрінеді. Петропавл қаласы Полиция басқармасының басшылығы «Коммунхоз» ЖШС өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізу барысында, бұдан былай қала тұрғындарының көңілдеріне қаяу түсіретін іс-әрекет жасамай, ескерткішке қойылған гүл шоқтары мен гүлдерді шұғыл түрде қоқысқа лақтыруға жол бермеу туралы келісілді.