СҚО-да жыл басынан 481 қылмыстық іс электрондық форматта тергелуде

СҚО-да жыл басынан 481 қылмыстық іс электрондық форматта тергелуде

Жеделдік, мобильділік, ашықтық – СҚО полициясының тергеушілері мен анықтаушылары электрондық форматта (е-ҚІ) қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда. Оның басымдылығы ашықтық, бұрмалаушылықты жою, қылмыстық процеске қатысушылардың қашықтықтан сотқа дейінгі тергеу материалдарымен танысу мүмкіндігі екендігі болып табылады. Аздап қиындық туғызатыны компьютердің бағдарламалық қамтымымен, планшетпен, стилуспен жылдам әрі нақты жұмыс істеу дағдыларын игеру.
СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембиннің айтуынша, облыстың полиция бөліністерінде 138 тергеуші мен 43 анықтаушы еңбек етуде. Бүгінгі таңда қылмыстық істерді электрондық форматта тергеу 80%-ды құрайды. Бұл цифрландыруға жасаған шешуші қадам болып табылады, сол себепті де өткен жылдың желтоқсан айында бұл көрсеткіш 51,3 % құрады. Жыл басынан полицияның барлық аумақтық бөліністерімен 603 қылмыстық құқық бұзушылық Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді, оның ішінде 481 іс бойынша электрондық түрі тағайындалды.

«Жұмыстың заманауи түрінің басымдылығы процестік құжаттарды беру және алу мерзімін азайтуға, қылмыстың процеске қатысушыларға қажетті ақпараттарды ұсынуда және бейнеконференцбайланыс режимінде жұмыс істеу есебінен уақыт пен ресурстарды қысқартуға әсерін тигізеді. Сонымен қатар, басшының қылмыстық істі тергеу барысын бақылауына және қадағалау органымен тығыз іс-қимыл жасау кезінде онлайн-режимде нұсқаулар беруге мүмкіндігі болады», - дейді Еңбек Сембин.
Бүгінгі таңда е-ҚІ модулінде жайлы және нәтижелі жұмыс істеу үшін тергеушілер мен анықтаушыларға 130 жұмыс орны құрылды. Жедел уәкілдер, ювеналдық полицейлер, учаскелік полиция инспекторлары және қылмыс желісі бойынша жиі жұмыс істейтін өзге де бөліністердің жұмысы үшін арналған 90 жұмыс орнын жабдықтау жоспарлануда. Бұл жаңалықтардың барлығы солтүстікқазақстандық полицияның жұмысына цифрландыруды кезең-кезеңімен енгізудің баспалдағы болып табылады.