СҚО-да масаң күйде болған ВАЗ-21099 көлігінің жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысып, бір адам қаза тапты

СҚО-да масаң күйде болған ВАЗ-21099 көлігінің жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысып, бір адам қаза тапты

4 ақпан күні шамамен сағат 20.50-де аудан орталығы Булаево қ. маңындағы «Челябі-Новосібір» автожолында ВАЗ-21099 автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде ВАЗ-21099 автокөлігінің 1999 жылғы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. ВАЗ жүргізушісі және 1989 жылғы екінші жолаушы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
Медициналық куәландыру ВАЗ-21099 көлігі жүргізушісінің масаң күйде болғанын көрсетті.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша енгізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. ВАЗ-21099 көлігінің жүргізушісі ҚР ҚПК 128-бабы бойынша уақытша қамау изоляторына қамалды.
2021 жылғы қаңтар айында СҚО жолдарында 6 жол-көлік оқиғасы тіркелді, нәтижесінде бір адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды. Маусымаралық кезеңнің жақындауына және көк тайғаққа байланысты полицейлер жол қозғалысы қатысушыларын жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға, жолда ара қашықтықты сақтап, жылдамдық режимін бұзбауға, қандай жағдай болмасын рөлге масаң күйде отырмауға шақырады.