
20-22 қаңтар күндері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның басты мақсаты - жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Автобус жүргізушілері мен такси жүргізушілері басты назарда болды.
«Жалпы алғанда, жүргізушілер жолаушыларды тасымалдауға жауапкершілікпен қарайды, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. - Соған қарамастан, үш күн ішінде олардың тарапынан 241 заң бұзушылық тіркелді. 21 қаңтарда Петропавлда екі автобус жүргізушісі Назарбаев және Чкалов көшелерінің реттелмейтін қиылысында әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар белгіленген жерден жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерге жол бермегендер. Жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда, шешім қабылдауға уақыт қалдыру үшін жылдамдықты бәсеңдету керектігін еске саламыз».
Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ешқандай жауапкершіліктері жоқ заңсыз тасымалдаумен айналысатындар өз алдына проблема болып отыр. Аудан орталығы Тайыншада патрульдік полиция қызметкерлері қолында рұқсат құжаттары болмаса да тасымалдаумен айналысып жүрген, 32 жастағы жергілікті тұрғын басқарған Фольксваген Гольф автокөлігін тоқтатты. Медициналық тексеру есірткілік масаң күйде болғандығын көрсетті. Материалдар сотқа жіберіледі, құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы және алдағы 7 жылда көлік құралын басқаруға тыйым салынуы мүмкін.
Сондай-ақ, полицейлер маневр жасау ережелерін бұзудың 44 фактісін анықтады. Көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесуге 46 жүргізуші жол берді, 16-сы жоспарлы тексеруден өте алмады, 9-ы жылдамдықты асырды. Автобус паркінің үш лауазымды тұлғасы бағытқа техникалық ақауы бар көліктерді шығарғаны үшін жауапқа тартылды. Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға және қысқы жолдарда өте сақ болуға шақырады.