СҚО полицейлері бір жылдың ішінде 1000-нан аса мас жүргізушіні ұстады

СҚО полицейлері бір жылдың ішінде 1000-нан аса мас жүргізушіні ұстады

14 қаңтар күні полицейлер Жуков көшесінде «Lada Priora» автокөлігін тоқтатқан. Рөлде 21 жастағы масаң күйдегі қала тұрғыны болған. Соттың шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға дейін көлікті басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
2020 жылы СҚО-да 238 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 315 адам жарақат алған, 37 адам қаза болған. ЖКО-да қайтыс болған әр адамның алтауы мас жүргізушілердің кесірінен болған, олардың кінәсынан 6 адам қайтыс болып, 40 адам жарақат алған.

«Патрульдік полиция қызметкерлері осындай фактілерді анықтауға және жолын кесуге бағытталды, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. — Барлығы өткен жылда облыс аумағында 1049 мас жүргізуші ұсталды. Басқаша айтқанда, әр 2-3 күнде солтүстікқазақстандықтың біреуі ішімдік ішкеннен кейін рөльге отырып, өзі мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірін тәуекелге байлайды. Полицейлердің жұмысы масаң рөлге отыруды тоқтатуға бағытталған».
Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді Жол жүрісі ережесін қатаң сақтауға және жолда абай болуға шақырады.