
13 қаңтар күні кешке Қызылжар ауданы Белое ауылының тұрғыны полицияға жүгінді. Петропавлға барып келген әйел үйіне біреулер бұзып кіргенін анықтайды. Белгісіз қылмыскер құны 100 мың теңге тұратын «Samsung» теледидарын қолды қылған. Полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларына кіріседі. Екі күн өткеннен кейін 5 қаңтарға қараған түні белгісіз біреулер салынып жатқан үйінің терезесін сындырып, 500 мың теңгеге құрал-саймандар мен құрылыс материалдарын ұрлағаны туралы Тепличное ауылының тұрғыны жүгінді. Полицейлер екі ұрлықты да бұрын қарақшылық үшін істі болған Петропавл қ. 31 жасар тұрғыны жасағанын анықтады. Қазіргі уақытта ол уақытша қамау изоляторында. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-б. «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Теледидар алынды, қолды қылған басқа мүлікті күдікті сатып жіберген екен. Мүлікті іздестіру бойынша шаралар қабылдануда.
«Күдіктінің біршама уақыт үй құрылысында жұмыс істегені анықталды, - деп атап өтті Қызылжар ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әлихан Байқадамов. – Белое ауылына ұрлыққа үйдің қараусыз қалғанын білгеннен кейін барған. Өткен жылы аудан аумағында тіркелген 87 ұрлықтың 24-і – пәтер ұрлығы, оның 22-сі ашылды».