Крещения күні Петропавлда ойылған суатқа суға түсуге және су алуға бару үшін 2 бағыт әзірленді

Крещения күні Петропавлда ойылған суатқа суға түсуге және су алуға бару үшін 2 бағыт әзірленді

2021 жылғы 19 қаңтар күні «Крещения Господне» мерекесі кезінде Петропавл қ. арнайы ойылған суатқа суға түсетін және су алатын орындарға баратын жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кептеліске жол бермеу және көлік құралдарының кедергісіз жүруі мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі келесі бағыттарды әзірледі:

1. Речпортқа бару үшін – «Жас Өркен» шағын ауданындағы айналма жол арқылы Жамбыл көшесімен;
2. Есіл өзеніндегі қалалық жағажайға бару үшін – Потанин көшесінің бойымен «Ойқала» шағын ауданы арқылы жүруге рұқсат етіледі.

Құрметті азаматтар, көлік құралдары легінің көп болуына байланысты, сіздерден түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі