Петропавлда үш автокөлік соқтығысты

Петропавлда үш автокөлік соқтығысты
Петропавлда демалыс күндері жол-көлік оқиғасы салдарынан үш көлікке зақым келді. Апат салдарынан шетелдік көліктердің бірінің жолаушысы зардап шекті.

Жабаев - Бөкетов көшелерінің қиылысында «Mercedes Benz 350S» жүргізушісі қиылысты бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп, нәтижесінде қарсы бағытта келе жатқан «Ниссан Премьера» көлігімен соқтығысқан. Toyota Rav 4 көлігінің 14 жастағы жолаушысы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша 26 жастағы Mercedes Benz жүргізушісіне қатысты әкімшілік материал жиналды.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 6 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 7 адам зардап шекті. 600-ден астам жол ережесін бұзу анықталды. Бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өткені үшін 25 солтүстікқазақстандық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Бұл жол ережелерін өрескел бұзу болып табылады, салдары жол апатына алып келуі мүмкін. Қыс мезгілінде жол қозғалысы ережелері мен жолдағы сақтықты ерекше қатаң сақтаған жөн», - деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов.