СҚО-да полицейлер жоғалып кеткен 18 жасар бойжеткенді іздеп тапты

СҚО-да полицейлер жоғалып кеткен 18 жасар бойжеткенді іздеп тапты

Былтыр желтоқсан айының басында СҚО аудандарының біріндегі полиция бөліміне кәмелет жасындағы қызының жоғалғаны туралы жергілікті тұрғын жүгінді. Құрбыларына барамын деп, телефонын өшіріп тастаған 18 жастағы бойжеткенді ата-анасы өз күшімен төрт күн іздепті. Тәртіп сақшылары бірден жоғалған қыздың таныстарын, көліктерді тексерді және басқа да іздестіру іс-шараларын жүргізді. Құрбылары да, туыстары да қыздың жүрген жері туралы хабардар болмаған. Алайда полицейлер қыз жоғалуының алдында басқа елді мекенде тұратын жігітпен танысқанын анықтады. Пайда болған болжам расталды, жедел уәкілдер қызды үйіне қайтарды.

«Адамдардың жауапсыздығы көп жағдайда полицияға із-түссіз жоғалғандарды іздестіру туралы өтінішпен жүгінуге әкеліп жатады, - деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. – Адамдар үйлерінен көңіл көтеру немесе жеке басының мәселелерін шешу үшін кетіп, жақындарына жүрген жерлері туралы айтпайды, туыстарын уайымға салатынын ойламайды. Кейбіреулері кедергі болмас үшін телефондарын әдейі өшіріп қояды, ал тағы біреулері ақша табу үшін кетіп қалып, байланыс аясынан тыс қалады. Қандай жағдай болмасын бұл туған-туыстарын уайымға салады және полицейлер үшін аса ауқымды жұмыс болып табылады. Өткен жылы облыста іздеуде 90 адам болды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда, 15 адамға аз. Олардың ішінде 67 адамның жүрген жері анықталды, яғни өткен жылға қарағанда, 11 адамға көп».