СҚО аудан орталығы Пресновкада 86 жастағы тыл еңбеккері Мария Верходанова өмір сүруде. Кез келген ауыл тұрғыны секілді зейнеткердің өмірі де қиындықтарға толы, оны жеңу үшін оған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қол ұшын беруде. Бақшадағы жерді қазу, арам шөптерді тазарту, су әкелу, үйді жуу сынды жұмыстарға аудандық полицейлер көмектеседі. Мария Григорьевнаның еңбек жолы дене күшін қажет ететін жұмыстардан басталған, ол кеңшарда сауыншы болып жұмыс істеген. Өнімді жақсы алғаны үшін еңбекқорлығының арқасында депутаттыққа сайланған, кейін сумен жабдықтау саласында еңбек еткен. «..Еңбек ардагері қызметкерлеріміздің назарынан тыс қалмайды. Пандемияның кесірінен балаларының жиі келіп тұруына мүмкіндік болмады, ал полицейлер үшін, зейнеткерге қамқорлық танытып қана қоймай, ауыл еңбеккерінің өмір естеліктерінен тәлім алу болып табылады…» - дейді Жамбыл ауданының ПБ бастығы полиция полковнигі Асан Мейрамов. РФ Сургут қаласынан Жаңа жылмен құттықтауға келген қызы Галина Овсянникова жерлес тәртіп сақшыларына анасына ерекше мейіріммен, қамқорлық танытқаны үшін жүрекжарды алғысын білдірді. «… Түсіністікпен қарап, бос уақыт тауып көңіл білдірген полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысым шексіз. Үйді тазалап жууға көмектескен аудандық бөлімдегі әйел адамдарға алғысым ерекше. Адамдарда отбасы құндылықтарын қастерлеу, қарияларға деген құрмет бар. Мұның бәрі көңіліңді қуантады …» - деп сөзін аяқтады ресейлік тұрғын.
Жыл басынан жамбылдық полицейлер 3 отбасына барды, оның 2- көпбалалы отбасы.
