Солтүстік Қазақстан облысында қылмыстық істердің жартысынан көбі электронды түрде тергелуде

Солтүстік Қазақстан облысында қылмыстық істердің жартысынан көбі электронды түрде тергелуде

Цифрландыру тергеушілер мен анықтаушылардың жұмысын жедел әрі ашық етті. Бұған қылмыстық істерді тергеудің электронды форматына жүйелі түрде көшудегі солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлерінің тәжірибесі дәлел. Өткен жылы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің 50 пайыздан астамы осы режимде жүргізілсе, ағымдағы жылдың бірінші аптасында қылмыстық істердің 70 пайызға жуығы электронды форматқа ауыстырылды. «Әрине, қағазбастылықты жойып, уақытты үнемдеп, сапаны жақсартатын сандық режимді игеру үшін уақыт қажет болды. Қазір бұл процесс жолға қойылды. E-ҚІ-де тиімді жұмыс істеу үшін қажетті жабдықтардың есебі жасалды. Өткен жылдың соңында қосымша 50 компьютер және жаңартылған бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған арнайы заттар сатып алынды. Бүгінгі таңда, «Электрондық қылмыстық іс» жобасы аясында, қазірдің өзінде облыста 134 жұмыс орны бар», - деді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембин.

Тергеу барысында цифрландырудың артықшылықтарын қылмыстық процеске қатысушылар да жоғары бағалады. Олар электрондық үкімет порталы арқылы қол жеткізуге құқығы бар іс материалдарымен таныса алады. Ел Президенті өзінің Жолдауында құқықтық мемлекеттің маңызды шарты - туралықтан танбайтын әділ сот төрелігі екендігін баса айта отыра, тергеу органдарының жұмысының ерекшелігіне басты назар аударды. Сонымен қатар, барлық қызмет саласына белсенді түрде енгізілу үстіндегі, цифрландыру барлық реформалардың негізгі элементі ретінде атап өтілді. Бұл жаңа технологиялар Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің тергеу және анықтау органдарының жұмысында өзінің тиімділігін көрсетті. 2020 жылы аумақтық полиция бөліністерінің өндірісінде электрондық форматта 4981 қылмыстық іс тергелді. Бұл өткен жылдарға қарағанда екі есе көп. Ағымдағы жылдың бірінші аптасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 50 қылмыстық құқық бұзушылық енгізілді, оның 35-і электронды форматта тергеледі.