СҚО полиция басшылары психологтардан дәріс алды

СҚО полиция басшылары психологтардан дәріс алды

Қаңтардың басында солтүстікқазақстан полициясының психологтары аға командалық деңгейдегі офицерлер, яғни Полиция департаментінің басшылық құрамына арнап, бірқатар тренингтер ұйымдастырды. Мақсаты - бөлініс басшыларын ұжымда қолайлы психологиялық климатты сақтауға көмектесетін біліммен қаруландыру болып табылады.

«Қызметкерлерде алғашқы үш жылда қиындықтар жиі туындайтынын тәжірибе көрсетіп отыр, - дейді СҚО ПД Кадр саясаты басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор-психологі полиция майоры Лаззат Мұрталимова. - Бұл кезеңді бейімделу кезеңі деп бекерден-бекер айтпайды. Полиция қызметі психологиялық тұрғыдан да, денсаулық жағынан да қиын, жұмыс уақытының тұрақсыздығы, сонымен қатар жиі стресспен байланысты. Білікті басшы жас қызметкерлердің жұмысқа, командаға «бейімделуіне» ықпал ететін психологиялық әдістерді білуі керек».

Тренингтің маңызды бөлігі командалық рухты нығайтуға, коммуникативті дағдыларды дамытуға арналған жаттығулар болды. Мысалы, «саңырау телефон» ойынының нұсқасы: қатысушылар сөзге жүгінбей тізбек бойымен эмоцияны жеткізуі керек. Сырттай қарапайым көрінгенімен, шын мәнінде, көңіл бөлуге арналған керемет жаттығу болып табылады, бұл сізге сөйлесіп тұрған адамды тереңірек тануға, оның эмоциясын, тіпті ол көңілді немесе немқұрайлы күйде тұрғанын танып-білуге мүмкіндік беретін таптырмайтын жаттығу. Бұл ұжымда моральдық-психологиялық ахуалды бақылауға, қызметкерлердің эмоционалды көңіл-күйлеріне және кейде таңдаған жолдан бас тартуға деген ұмтылыстың алдын-алу қабілетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қатысушыларға босаңсу әдістері, жақсы көңіл-күйді бойға сіңіру әдістері де үйретілді. «Ризашылық білдіру мүмкіндігін ешқашан жіберіп алмаңыз», - деп кеңес береді полиция психологтары. «Полиция жұмысының ырғағын сақтауға көмектескеніңіз үшін тіпті жүрегіңізге де «рахмет» айтқаныңыз жөн», - дейді психологтар.

Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі Наталья Калининаның айтуынша, психологиялық дағдылар әсіресе полиция қызметінің тиімділігін барынша арттыру міндеттері шешіліп жатқан сәтте әсіресе өзекті болып отыр. «Кәсіби мамандар ұйымдастырған психологиялық дайындық - бұл полиция жұмысының жаңа сервистік моделіне көшуінің тағы бір жолы, және ол басшылардан бастап барлық жеке құрамды қамтығаны өте орынды», - дейді ол.