Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар табыстауда

Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар табыстауда

Жаңа жыл қарсаңында қалалық полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар, дәстүрге айналдырған қайырымдылық жасауды да ұмытқан емес. Тәртіп сақшылары қолдауды қажет ететін отбасыларға барып, балалардың жүректеріне жылылық пен қуаныш сыйлайды.

Желтоқсан айында Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері санитарлық нормаларды қатаң сақтай отыра, Басқармаға бекітілген бес Ұлы Отан соғысының ардагері мен тыл еңбеккерлеріне, 24 аз қамтылған отбасына барды. Жаңа жыл қарсаңында погон таққан Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтарын алып, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған 16 отбасында болды. Олардың көмекшілері - ПБ әйелдер кеңесінің мүшелері. Сақшылар дәрігерлер сияқты, денсаулық жағдайларына байланысты қатарластары сияқты аулада асыр салып ойнай алмайтын бүлдіршіндердің армандары, қиындықтары жайлы жақсы біледі. Сондықтан қалалық бөліністің қызметкерлері балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әрқайсысына дәстүрлі тәтті сыйлықтар тарту етті.

Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатовтың айтуынша, осындай отбасыларға жақсылық жасағанда көңілінің тоқ болады. Балалардың қуаныш ұялаған көздерін көргенің, оларды өсіру үшін тыным таппай еңбек етіп жүрген ата-анасының аузынан естіген «рақметі» - ең үлкен сый. Қаламызда бақытты отбасылар мен дені сау балалардың көп болғанын қалаймыз дейді.

Қалалық басқарманың қайырымдылық акциясы облыстық полиция мен барлық аудандарының қызметкерлері ат салысатын жоспарланған «Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйла!» акциясының бір бөлігі ғана.