
Жатақханалардың бірінде тұратын 27 жастағы петропавлдық ұялы телефонының ұрланғаны туралы арызымен полицияға жүгінген. Ұрлық жәбірленушінің жатақхананың дәлізінде масаң күйде болған кезінде жасалған. Белгісіз қылмыскер оның қалтасынан құны 85 мың теңгенің «Huawei» ұялы телефонын жымқырған. Қылмысты жедел ашуға дәлізде орнатылған камераның септігі тиді. Жедел-тергеу тобы жазбаларды қарау кезінде күдіктіні байқаған, ол мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, сол жатақханада тұратын 49 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі жаза таңдалды. Ұрланған зат қайтарылды.
«Бейнебақылау камералары — бөтеннің мүлкін ұрлауды ашу мен алдын алудың сенімді құралдарының бірі, дейді Петропавл қ. ПБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Дархан Зияфиддин. — Алкогольдік масаңдық түрлі құқық бұзушылық жасауға жиі себеп пен жағдай туғызатынын атап өткен жөн».