Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

25 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында синоптиктердің болжамы бойынша ауа температурасының 20-25 градус аязға дейін, облыстың солтүстігінде 30 градусқа дейін, 26 желтоқсан түнде 25-30, кей жерлерде 33 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтілуде.

Осыған байланысты ауа райының өзгерістерін ескере отырып, алыс сапарға шықпауларыңызды сұраймыз. Жолға шығар алдында көлік құралының техникалық жағдайын тексеріп алуды естеріңізге саламыз. Әсіресе, дизельдік жанар-жағармаймен жүретін автокөліктерге ерекше мән берген жөн.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы