
Петропавл қаласының Полиция басқармасы облыс орталығының 1968 жылы туған тұрғынының арызы бойынша қылмыстық істі тергеуде. Оның арызында көрсетілгендей, 2020 жылдың 5 қыркүйегінде 13 сағат 15 минут пен 13 сағат 25 минут аралығында № 24 бағыттағы автобустың жүргізушісі Сүтішев пен Қазақстан Конституциясы көшелерінің арасында Жамбыл көшесімен жүріп келе жатып, шұғыл тежеген. Соның салдарынан көлік салонында болған қала тұрғыны құлап қалып дене жарақаттарын алған. Осы оқиғаның куәгерлерінен хабарласуларын сұраймыз.
Аталған фактіге қатысты қандай да бір ақпаратты білетін азаматтардың барлығынан 8 (7152) 39-48-53; 8-707-358-68-94; 8-705-199-54-04 телефондары бойынша хабарласып, тергеуге атсалысуларын сұраймыз.