
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен «Қамқор» клубы белсенділерінің жұмысының нәтижесі Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті басшылығының аппараттық мәжілісінде қорытындыланды. Облыстық полицияның бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев алғыс хаттар тапсыра отыра, еріктілер клубының басшылығына өзінің ризашылығын білдірді.
Полиция қызметі адамдарды іздеу, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу, нашақорлықпен күрес түріндегі әр түрлі бағыттарды қамтиды. Полицейлер LIDER.KZ, «СҚО іздеу жасағы», «Қамқор» еріктілер отрядының көмегінсіз жұмыстың тиімді болуы мүмкін емес дейді. Өткен жылы СҚО ПД ЕҚҚКБ қызметкерлері бірқатар маңызды іс-шаралар өткізді.
Наркограффитиді бояу, есірткіге қарсы логотипі бар маска тарату, тәркіленген 100 кг есірткіні жағу - бұл жұмыста есірткіге қарсы күресте болашақ ұстаздар - Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің студенттерін біріктіретін басқа еріктілер бірлестіктері арасында «Қамқор» клубының мүшелері үлкен көмек көрсетті. Колледж басшылығы - директор Еркін Жақыпов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанна Бережная, әлеуметтік педагог Айгүл Сыздықова облыстық полицияның алғыс хаттарымен, ал «Қамқор» клубының жетекшісі Екатерина Галата Ішкі істер министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.
Мұғалімдер өз кезегінде солтүстікқазақстандық полицейлердің құқық қорғау ісіндегі және қылмысқа қарсы күрестегі ортақ ісіне қосқан үлесін де атап өтті: СҚКПК директоры Еркін Жақыпов Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевқа алғыс хат табыс етті. Сондай-ақ, СҚО ПД ЕҚҚКБ аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Жанар Байғазина, СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілдері полиция майорлары Тимур Исмагамбетов пен Виталий Подчерин жүргізген жұмыстары үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаевтың айтуынша, олар екі жылдан бері екі еріктілер бірлестігі «СҚО іздеу жасағы», «Қамқор» еріктілер клубымен белсенді жұмыс жүргізген. Бұл жалпы алғанда 550 адамды құрайды. 2020 жылы еріктілермен бірге 10 маңызды іс-шара өткізілді. Мәселен, облыс орталығының көшелерінде граффити жарнамаларын бояу бойынша 5 акция өткізілді. 379 жарнаманың көзі жойылды. Әлеуметтік желілерде профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде еріктілердің көмегіне баға жетпейді. Күні кеше СҚО әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің көмегімен «Қамқор» және «СҚО іздеу отряды» клубы еріктілерінің қатысуымен есірткіге қарсы мазмұндағы тағы бір әлеуметтік бейнеролик дайындалды. Бейнежазба облыстық полицияда өткен аппараттық кеңесте көрсетілді, жақын арада ол теледидарлар мен әлеуметтік желілерде орналастырылатын болады.