СҚО полицейлері «Пиротехника» операциясын өткізуде

СҚО полицейлері «Пиротехника» операциясын өткізуде

Жаңа жылдық мереке қарсаңында Петропавл полицейлері пиротехникалық бұйымдардың заңсыз саудасын анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды өткізуде. Тәртіп сақшылары ескерткендей, пиротехникалық бұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасымен еркін сатылымына тыйым салынған немесе шектелген тауарлар қатарына жатады. Сертификатталмаған бұйымдар қауіпті болуы мүмкін. Бұдан бөлек, бұл тауарды сақтаудың белгілі бір талаптары бар. Олар көбінесе заңсыз сатылым кезінде сақталмайды. Жарамсыз отшашулар оқыс оқиға апарып соғуы мүмкін.

«Желтоқсанның 15-нен бастап қаладағы базарлар мен дүкендерде 6 тексеріс жүргізілді, - дейді Петропавл қ. Полиция басқармасы құрамындағы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы полиция майоры Мейрам Шарышев. – Ашық аспан астында отшашу сатқан екі қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Екі факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 196-бабы «Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау» бойынша материал жиналды».

Аталған жұмыс «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізілуде. Алғашқы кезеңі желтоқсанның 15-і мен 24-і аралығында, екінші кезеңі 26 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында өтпек.