СҚО-да діни заңнаманың 23 бұзушылығы анықталды

СҚО-да діни заңнаманың 23 бұзушылығы анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен діни заңнаманың 23 бұзушылығы анықталды. Фактілердің басым бөлігі діни мазмұндағы материалдарды таратумен және сатумен байланысты. Петропавл қаласының 56 жасар тұрғынының 500 мыңнан астам айыппұл төлеуіне тура келеді. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталғандай, ер адам «YouTube» және «ВКонтакте» арналарына, дінтану сараптамасына сәйкес, діни мазмұндағы бейнематериалдар салған. Бұл ҚР ӘҚБтК 490-бабын бұзу болып табылады. Биылғы жылы дәл осындай құқық бұзушылығы үшін ер адам жауапкершілікке тартылған болатын, алайда діни мазмұндағы аудиофайлдарды таратуын әлі де тоқтатпаған. Сондай-ақ, діни сипаттағы кітаптарды сатқаны үшін екі әйелге желтоқсанда әкімшілік сотпен айыппұл салынды. Олар әдебиеттерді «OLX-Петропавловск» сайтында саудалаған.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы заңнамасының 9-бабына сәйкес, діни әдебиеттерді, басқа да діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген стационарлық үй-жайларда ғана таратуға рұқсат етілгенін еске саламыз. СҚО әкімдігінің 2020 жылғы 11.02. қаулысына сәйкес, бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысы аумағында осындай 15 объекті жұмыс істейді», - дейді СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығы Руслан Жарасбаев.