СҚО полицейлері қарақшылық шабуыл жасауда күдіктіні қолға түсірді

СҚО полицейлері қарақшылық шабуыл жасауда күдіктіні қолға түсірді

2019 жылғы қарашада Ақжар ауданындағы элеваторға жасалған қарақшылық шабуылда күдіктілердің біреуі бір жылдам астам уақыт іздеуде болған. «Талшық Астық LTD» ЖШС ғимаратына бетперде киген төрт белгісіз тұлға баса кіріп, шолақ мылтыққа ұқсас затпен қорқытып, 170 миллион теңгеден астам сома ұрлаған. Осы айларда күдіктілерді іздестіру бойынша жұмыстар тоқтатылған жоқ. 10 желтоқсан СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің астанаға қызметтік іссапары барысында олардың біреуі, Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны, ұсталды. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторында. Бұл шабуыл жасаған топтағы екінші күдікті, біріншісі қаңтарда қолға түскен болатын. Полицейлер қалғандарының жүрген жерлерін анықтау бойынша жұмыс жасауда.

«Қылмыскерлерді іздеу – криминалдық полиция бөліністері жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі, - дейді СҚО ПД КПБ бастығы полиция полковнигі Пётр Климов. Кейде сот төрелігінен қашып жүрген тұлғаларды іздеуге көп уақыт кетеді. СҚО-да жыл басынан 47 қылмыскерге іздеу жарияланды. Бүгнігі күні оның 35-і ұсталды, оның ішінде үшеуі қарақшылық шабуыл, екеуі ауыр дене жарақаттарын келтіргені, біреуі тонау, тағы біреуі есірткі қылмысын жасағаны үшін. ТМД елдерінің құқық қорғау органдары үшін облыс полицейлері 20 қылмыскердің жүрген жерлерін анықтап берді. Қазақстан Республикасынан тыс жерден қылмыс жасады деген күдікпен төрт солтүстікқазақстандық анықталды».