СҚО полицейлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін қайырымдылықпен қарсы алуда

СҚО полицейлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін қайырымдылықпен қарсы алуда

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында СҚО ІІБ басқармалары мен аумақтық бөліністерінің қызметкерлері азық- түліктер тиелген пакеттерін және басқа да тұрмысқа қажетті заттар алып, игі істерімен мекенжайларға жол тартты. Облыстық департаменттің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері "Аналар үйінде" болып қайтты. Мекемеде кішкентай балаларымен үш ана бар екен, біреуі нәрестесінің дүниеге келуін тосып отыр. Тәртіп сақшылары желтоқсан мерекелері қарсаңында өмірлік қиын жағдайда қалған жандарды қуантты. Облыстық полиция ведомствосының тергеу және штаб бөліністерінің қызметкерлері көпбалалы жанұяларда қонақта болды. Балалар полицейледі жаңа жылдық өлең-тақпақтарымен, әндерімен қарсы алды. Сондай-ақ, басты мемлекеттік мереке қарсаңында балалар деревнясының тәрбиеленушілері де Криминалдық полиция қызметкерлерін шығармашылықтарымен таң қалдырды. Ал Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ пен басқа да саптық бөліністер қызметкерлері болса, тыл еңбеккерлеріне жылулық сыйлады.

"Қызмет барысында біздерге түрлі өмірлік жағдайлармен кездесуге тура келеді, қолдаудың кез келген түрі, тіпті бөлінген көңіл оң өзгерістерге әкеліп жатады. Ынтымақ қашанда азаматтарды біріктірудің негізі болып қала бермек. Қайырымдылық - біздің қызметіміздің ажырамас бөлігі. Барлық қазақстандық жанұяларға тыныштық, жылылық, жайлылық, бастысы жарқын болашақ тілеймін", - деді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев.