Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінде 70-тен астам адам марапатталды. Олар – полицейлер, ардагерлер, волонтерлар, сондай-ақ өңірдегі шаруа қожалықтары басшылары. Басты ұлттық мереке қарсаңында облыстық полиция басшылығымен өткен жылдың алдын ала қорытындысы шығарылды.
Дәл осы 2020 жылы ел тарихында полицейлер алғашқы рет, жерлестеріміздің тек қауіпсіздіктерін ғана емес, сондай-ақ денсаулықтарын сақтауда алғы шепте тұрды. Бұл жауапты жұмыста волонтерлар мен жұртшылық зор көмек көрсетті. Облыстық полиция басшысы полиция полковнигі Марат Төлебаев, әр полиция қызметкері, кей кезде өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе де, елдегі тұрақтылықты сақтауға елеулі үлес қосуда деп атап кетті. Полицейлердің ерліктері мен батылдықтары ел басшылығымен жоғары бағалануда және азаматтардың құрметіне ие. Сондықтан алдағы уақытта да әр қызметкер ортақ еліміз – Қазақстан Республикасы игілігіне мүлтіксіз қызмет етіп, халық сенімін толық ақтауға міндетті.
Атақтар, медальдар, төс белгілер мен алғыс хаттар. Облыстық полиция ведомствосында барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра, бірнеше ондаған офицерлер мен сержанттар марапатталды. Марапатталғандардың арасында түрлі отрядтардың еріктілері де бар: Светлана Левченко, Роман Шарыпов, Ксения Мокринская, сондай-ақ ІІО ардагері Петр Аксенов болды. Полиция департаменті басшылығы із-түзсіз жоғалған азаматтарды іздеуде ауқымды жұмыс жүргізетін және басқа да маңызды тапсырмаларды орындауда көмек көрсететін жастардың еңбегін жоғары бағалады.
Шаруа қожалықтары басшыларын да назардан тыс қалдырмады. Ауа райы қолайсыздығы кезінде адами және техникалық ресурстарды қажет ететін жолдардағы форс-мажор жағдайларында және басқа да жағдайларда көмек көрсетудегі көпжылдық ынтымақтастықтары үшін Аққайың және Қызылжар аудандарынан келген ЖШС директорлары Қайрат Қасқырбаев пен Леонид Рапацевичке алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, Тәуелсіздік күні қарсаңында 8 офицер мен сержант арнайы атақтарын алды. Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы Алексей Дементьевке «полиция полковнигі», процессингтік орталықтың бастығы Әсет Мәтенге «полиция подполковнигі» атақтары мерзімдерінен бұрын берілді.
Марапаттау рәсімі аяқталған соң, қызметкерлер жұмыс орындарына тарасты, олар мереке күндері жерлестеріміздің тыныштықтары мен қауіпсіздіктерін сақтау үшін қызмет атқарудың күшейтілген түрінде жұмыс істейді.
