ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында СҚО полицейлері көпбалалы отбасыларға барды

ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында СҚО полицейлері көпбалалы отбасыларға барды

Еліміздің бас мерекесі қарсаңында Полиция департаменті келген қонақтар көпбалалы отбасылардың, балалар үйінің балаларына, жесірлерге, тыл еңбеккерлеріне барып, олардың көңілін аулады. Мерекемен құттықтап, сыйлық үлестіру үшін СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев Адасбаевтар отбасына ат басын бұрды. Облыстың бас полицейінің келуі барлық балалар үшін күтпеген кездесу болды. Алты бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы 2,5 жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан облысынан көшіп келген. Солтүстіктің қақаған аязына да үйренген, Петропавл қаласындағы өз жоспарларымен де бөлісті. Үш бала мектеп жасында, балалар Солтүстік Қазақстанда спорт додаларында жеңістерге жетіп медалдарды да иеленген. «Бізге осы жер өте ұнайды. Жаттығулар қолжетімді, тегін спорт секциялары, кіші екі баламыз бүгінгі күні мектепке барады, үлкендеріміз онлайн-оқытылуда. Күйеуім құрылыста жұмыс істейді. Мен үйде балаларға қараймын. Кіші ұлымыз 1,5 жаста», - дейді Қарлығаш Адасбаева. Әйел адам полиция ведомствосы басшылығына алғыс білдіріп, жаңажыл мерекесі қарсаңында олардың үлкен отбасына көрсетілген зор көмек екендігін айтты. «Еліміздің басты байлығы – азаматтардың татулығы мен тыныштығы, амандығы мен қауіпсіздігі. Бірлік пен өзара көмек көрсету – бұл бізді кез келген қиындықты жеңудегі басты күш. Биылғы жыл бәрімізге оңайға соқпады, күш біріктірген жағдайда әлемді жайлаған індетті ауыздықтауға сенімдімін», - дей отыра, Марат Төлебаев Адасбаевтар отбасына амандық, денсаулық пен табыс тіледі.

Полицейлердің келгеніне Аягөз Оспанова да қуанды. Жамбыл ауданында 14 жыл бұрын қаза тапқан полиция қызметкерінің жары бүгінгі күні Петропавл қаласында тұрады. Күйеуі қайтыс болған кезде қызы 10 жаста, ұлы 4 жаста болған. Офицер болған әкесі баланың есінде қалмаған. Әке жолын қуып, тергеуші болмаққа бел байлаған. Қазір ведомстволық ЖОО-да білім алуда. «Мен күйеуімді еске алып, құрмет көрсеткендеріңізге алғыс білдіремін. Ол өмірден өтсе де, мені полицейлер үнемі мені ұмытпайды. Алғысым шексіз», - дейді Аягөз Оспанова.

Мұндай кездесулер СҚО ПД басшылығы үшін де, жеке құрам үшін де дәстүрге айналды.