СҚО полицейлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан милиционер жайлы фильм түсірді

СҚО полицейлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан милиционер жайлы фильм түсірді

СҚО полицейлері Петропавл картасында Медведев көшесінің пайда болуы жайлы бесминуттық фильм түсірді.

Бұрын онда консерві зауыты орналасқандықтан, ол Консервная көшесі деп аталған. Бір қарағанда шағын ғана көше қала картасында ерекше орын алады, өйткені мұнда сапаржай, темір жол колледжі, желілік полиция бөлімі, аквапарк пен қаламыздағы көрнекі жерлерімізідің бірі – Ботаникалық бақ орналасқан. Қазіргі атауы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан уәкілетті учаскелік инспектордың есімі құрметіне берілген.

Архивтегі жазбалар мен музейдегі бай материалдардың негізінде 1963 жылы учаскелік инспектор лауазымында қызмет атқарғанына жыл толмаған 33 жастағы милиция сержанты Юрий Медведев шақыру бойынша бұрынғы 9 январь, қазіргі Залманов көшесіне барады. Көршілерінің хабарлауынша, мас жанжалқой мылтықпен әйелін атқан және өтіп бара жатқандарға оқ жаудырамын деп қорқытқан. Оқиға орнында Юрий шалқасынан жатқан әйелді көреді. Ол оған көмекке ұмтылған кезінде оққа ұшқан. Қайғылы жағдай екі қызының бірі төрт жасқа толған күні орын алған...

«Келесі жылы қалалық депутаттар кеңесі атқару комитетінің шешімімен Петропавл қаласы көшелерінің біріне қаза тапқан милиционердің есімі берілді, - осылайша оны бірге қызмет атқарған әріптестері есіне алады, - дейді фильм түсіруге бастамашылық еткен СҚО Полиция департаменті музейінің меңгерушісі СКО Любовь Осинская. — Жауапты, өзгенің тағдырына бей-жай қарамайтын адам ретінде ол көзі көрген жандардың мәңгі есінде қалады».

Бүгін тәуелсіз Қазақстанның бас мемлекеттік мерекесі қарсаңында СҚО полицейлері қылмыспен күресте қаза тапқан қызметкерлердің бірін еске алды. Бұл егеменді елімізде құқықтық тәртіпті күзететін адамдардың абыройы мен парызына көрсетілген құрмет. Тәуелсіздік күні қарсаңында СҚО ПД ресми аккаунттарында жарияланды.