
Учаскелік инспектор, полиция капитаны Ринат Омаров - Солтүстік Қазақстандағы тәртіп сақшылары қатарында қызмет ететін Тәуелсіздіктің құрдастарының бірі. Оның ішкі істер органдарында қызмет еткеніне 6 жыл болды, соңғы бір жарым жылда №3 полиция бөлімінде жұмыс істеп келеді.
Қызмет көрсететін вокзал аймағы – қаладағы әр түрлі адамдар көп жүретін аудандардың бірі. Түнгі тексеріс кезінде түрлі оқиғаларға тап боласың. Ринат ішімдік ішкен адамдармен даулы сәттер жиі туындайтынын атап өтеді. Учаскелік инспекторлар тасымалды бейнетіркегіштермен жабдықталғаннан бері оларды шешу оңайырақ бола бастады. Енді оларда патрульдік полицейлер сияқты әкімшілік материалдарға бейнежазбаларды қоса алады.
Сондай-ақ, учаскелік инспекторлар арсеналындағы тағы бір техникалық жаңалық - электронды планшеттер, олар жұмысты едәуір жеңілдетті. Әрбір инспектор мәліметтер базасына үнемі кіре алады, бұзушының басқа да жазалары бар ма, жоқ па, ол жауапқа тартылды ма, жоқ па, оны тез анықтайды. Бұған дейін учаскелік полиция қызметкерлері мұндай ақпаратты телефон арқылы алған. Енді қылмыскердің ЖСН енгізу жеткілікті, экранда қажетті ақпарат пайда болады. Хаттамаларды өңдеу уақыты айтарлықтай қысқарды.
Осы орайда, техникалық жабдықталуына қарамастан, учаскелік инспектордың жұмысындағы ең бастысы адамдарға көңіл бөлу, проблемаларды шешуге бағыттау болып қала береді.
«Сонымен қатар, вокзал маңының ерекшелігі, - дейді Ринат, - мұнда тұрақтындардың едәуір бөлігі тұрақты тұрып жатқандар - зейнеткерлер, теміржолшылар, адамдар сабырлы және жанашыр. Әрине, жанжал шығарушылар, бұзақылар және бұрын сотталғандар да бар. Олардың әрқайсысымен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Мысалға, алғашында менің сөзімді бір жанжалқой мүлдем тыңдамады. Сот оның мінез-құлқына ерекше талаптар қойды, атап айтқанда алкоголь ішуге тыйым салды. Талаптарды орындамаса әкімшілік қамауға алынуы мүмкін еді. Бұл дұрыс шара болды, себебі ер адам бірнеше айдан бері өмір салтын өзгертті. Мен оны жиі көріп тұрамын - мүгедек анасына қамқор болып, өзін ұқыпты ұстайды. Мен ПИК төрағаларымен тұрақты байланыс жүргізіп тұрамын, олар аудандағы жағдайды жақсы біледі, проблемалар туындаса шұғыл жүгінеді немесе менің байланыс телефондарымды тұрғындармен бөлісіп отырады».
«Вокзал маңы аумағында жалға берілетін пәтерлерге ерекше көңіл бөлінеді, олардың саны 50-ге жуық, - дейді учаскелік инспектор. - Біреуі өте қиын болды, көршілері жастардың түнгі жиындарына, кіреберісте үнемі бейтаныс адамдардың болуына жиі шағымданды. Бірнеше рет пәтер бюросының әкімшілігімен сөйлесуге тура келді. Мәселе осы пәтерді ұзақ мерзімге жалға берілген кезде ғана шешілді. Содан бері сол подъезде тұратын адамдар тыныш ұйықтап, шағымданулар тоқталды».
Келетін адамдардың көптігі ерекше атмосфера тудырады, оларға назар аударып және де проблеманы тез түсініп, салмақты шешім қабылдау мүмкіндігі маңызды. Ринат осындай тексерістердің бірінде мас адамды байқағаны жайлы есіне алды. Ол пойыздан қалып қойыпты. Ешқандай құжат, тіпті телефоны да болмаған, қалтасында аз ғана ақшасы болған. Ер адам ішімдікті не істерін білмеген соң ішкенін айтқан. Ол Алматы қаласында тұрады екен.
«Қазір адамдар электронды гаджеттерге өте тәуелді, - дейді Ринат. Бірақ ол алматылық туыстарының біреуінің нөмірін есіне түсірді. Мен оның айтқан нөміріне қоңырау шалып, ер адамның кім екендігін анықтадым. Болған жағдайды айтып бердім. Алматыдан оған ақша жіберді, мен оған қонақ үйге орналасуға, билет сатып алуға көмектестім, ал келесі күні ол жүріп кетті».
Қоштасып тұрып, ол полицейге ризашылығын білдірді. Ринаттың айтуынша, оның ризашылығы көңіліне жақса да, ол үшін ең бастысы адамға көмек қолын созғаны болды, яғни иығындағы погонды бекерден-бекер тақпағанын растады.
«Біздің қызмет осындай жүздеген оқиғалардан тұрады. Сіз әр минут сайын күтпеген жағдайға дайын болуыңыз керек. Тәуелсіздіктің құрдасымын деген ой - көп нәрсеге міндеттейді. Айналада болып жатқан оқиғаларға жауапкершілік қарау менің қатарластарыма ана сүтімен дарыған деп білемін. Мен барша қазақстандықтарды басты мемлекеттік мерекемен құттықтай отыра, бұл мереке бәріне күш пен шабыт беретін қайнар көз болып қала берсін», - деп жас учаскелік полиция инспекторы жерлестерін құттықтады.