
Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында ҚР Тәуелсіздігінің 100-ден астам құрдасы қызмет атқарады. 29 жасар офицерлер ведомствоның түрлі бөліністерінде жұмыс істеуде. Жас тергеушілер, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері, жедел уәкілдер – олардың барлығы құқықтық тәртіп күзетінде тұр.
«Ата-аналарым менің балалық шағым туралы жиі айтады. Анам менің туған кезімді есіне түсіргенде, қиын жылдар туралы айтады. Үлкендердің әңгімесінен, өмірдің жылдан жылға жақсарғанын білеміз. Полицияда қызмет етуді арман ететін мен үшін білім алуға жағдайдың болуы маңызды еді», - дейді Шал ақын ауданының ПБ аға тергеушісі Самат Мұқажанов.
Самат, сол жылдары жұмыс болмай, адамдардың көбі көшіп кеткен Ақанбарақ ауылында туып-өскен. Бүгінде жаңа үйлер салынып, үлкен ауылға айналды. Саматтың оқумен және жоғары білім алумен байланысты үміттерін іске асыру мүмкін болды. Бастысы – жақсы оқу және физикалық тұрғыдан шыныққан болу. Дәл осындай даярлық Б. Бейсенов ат. ҚР ІІМ Қарағанды академиясына оқуға түсуде шешуші фактор болды. 2013 жылы ЖОО тәмамдап, Самат туған ауданына оралып, сол жерде 7 жылдан астам уақыт тергеуші болып жұмыс істейді. «Тіпті, жұмыс істеп жатқан жылдардың өзінде де көп нәрсе өзгерді. Заманауи жағдайлар, цифровизация, әлеуметтік қолдау – осының барлығын соңғы жылдары сезінудеміз», - дейді полиция капитаны.
Самат Мұқажановтың жұбайы мектепте тарих пәнінің мұғалімі. Екеуі болашаққа жоспар құра отырып, жас мемлекет негіз болған сенімділік пен тұрақтылықтың басты өзек екенін жақсы сезінеді және үш жасар қыздарына тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы айтып отыратын болады.