СҚО полицейлері демалыс күндері 1300 астам құқық бұзушылықты анықтады

СҚО полицейлері демалыс күндері 1300 астам құқық бұзушылықты анықтады

11 желтоқсаннан бастап солтүстікқазақстандық полицейлер үшкүндік «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеді. Полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер, жалпы операция барысында 630 астам қызметкер қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылды. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесуге басты назар аударылды.

Облыс аумағында жұма мен жексенбі күндері аралығында 28 қылмыс тіркелген, оның 23 кезекші тәулік ішінде ашылды. 1358 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 232-сі – спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу. 51 факті – отбасы-тұрмыстық қатынас саласындағы құқыққа қайшы іс-әрекеттер, сондай-ақ 50 факті тыныштықты бұзу.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген. Жылдамдықты асырғаны үшін 85 жүргізуші, қозғалыстың қарсы бағытына шыққан 6 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жаяу жүргіншілерді өткізбеген 19 жүргізуші де жазадан тыс қалмады. Жаяу жүргіншілердің тарапынан жол берілген 249 бұзушылық тіркелді. Бұдан басқа, үш күн ішінде 23 мас жүргізуші ұсталды.