Петропавлда қарттарды аямаған алаяқ ұсталды

Петропавлда қарттарды аямаған алаяқ ұсталды

43 жастағы қалалық әйелдің құрбандары 78 бен 99 жас аралығындағы қарттар болған. Қалалық полицейлер оны қылмыс үстінде ұстады. Полицейлерге егде жастағы қала тұрғындарынан арыздар түсе бастады. Медициналық маска киген әйел өзін медицина қызметкері ретінде таныстырып, профилактикалық тексеріс жүргізіп жүргенін айтқан. Әңгіме барысында жалған дәрігер оларға сенімді түрде ақшаның жақында өзгеретіндігі туралы хабарлаған. Қарттар үшін бұл жаңалық күтпеген тосын сый болады. Не істерлерін білмеген олар келген қонаққа барлық жиған-тергендерін ұстата салған. Зейнеткерлерді ванна бөлмесінде анализдерін дайындауға көндіріп, өзі барлық ақшаны салып алып, пәтерден қашып кетіп отырған.

Полицейлерге аталған қылмыстарға бір-ақ әйелдің қатысты екендігін анықтау мүмкін болды, ол Нұр-Сұлтан қ. бұрын ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Алаяқ әйелді кезекті қулығын іске асырып, екі аңғал зейнеткерді алдап, мол соманы иемденіп автобуспен келе жатқанда ұстады. Петропал қ. ПБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерболат Қаптаевтың сөзінше, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-б. "Аса ірі көлемде жасалған ұрлық" бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Полицейлерге аулалар мен подъездерге кірген кезінен еш қиындықсыз жәбірленушілерін анықтаған, егде жастағы қалалықтарды алдап келген әйелге көмек көрсетушілерді анықтау қажет.