СҚО полицейлері жолда ауырып қалған әйелді жедел түрде кардиология бөліміне жеткізді

СҚО полицейлері жолда ауырып қалған әйелді жедел түрде кардиология бөліміне жеткізді

Қызылжар ауданының тұрғыны Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевтың атына ризашылығын білдіре отыра, хат жазыпты: «Мен СҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция аға лейтенанты А.Жежере мен полиция лейтенанты М.Омаровқа көрсеткен көмектері үшін үлкен ризашылығымды білдіргім келеді. Менің анамның жүрегі ауырып, осы қызметкерлер анамды екінші ауруханаға жеткізді...»

Барлығы Жезқазған-Петропавл жолындағы 933 шақырымда орын алған апаттан басталды. Красная горка ауылына көмір апара жатқан «ЗИЛ» көлігі көктайғақтың салдарынан жолдың жиегіне шығып кетеді. Жүргізуші жарақат алған жоқ, бірақ машина бүйірден түсіп, жүк шашылып қалады. Жолдан шығып кеткен көлікті сол жолда қызмет көрсететін патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Мирас Омаров пен Антон Жежера көрген. Олар Подгорное ауылында салынып жатқан зауыттың құрылысында жүрген жұмысшылардан көмек сұрайды. Жұмысшылар өздерінің басшыларына қоңырау шалып, ауыр техникамен көмекке келеді. Трактор келмес бұрын да апат болған жерге анасымен бірге көмір сатып алушы келген. Белгілі болғандай, 62 жастағы әйелге жақында жүрегіне ота жасалған екен. Жол бойында шашылып жатқан көмірді көріп, алқынып, дем алуына қиындық туған. Полицейлер шұғыл оны патрульдік көлікке отырғызып, Петропавлға жеткізді.

«Мен көлік жүргіздім, менің серіктесім әйелді тыныштандырып, су берді», - дейді Мирас. – Көшеден кедергісіз өту үшін жарқылдауық маякті қостық, дәрігерлерге алдын-ала хабарладық. Кардиологиялық орталықтың дәрігерлері науқасты арнайы арба отырғызып әкеткеннен кейін ғана, сондай-ақ енді оның сенімді қолда екеніне көзіміз жеткесін ғана бойымыздағы алаңдаушылық сейілді. Қызмет көрсететін аймаққа оралсақ, трактор жүргізушісі жүк көлігін шығарыпты, «ЗИЛ» көлігінің иесі таныстарын шықыртып, көмірді қайта тиеп жатқанын көрдік. Қиын-қыстау кезде адамдардың көмекке келгенін көргенде қуанады екенсің. Айтпақшы, көмір жеткізушісі дәрі-дәрмекке ақша қажет болар деп, көмір тасымалдағаны үшін ақы алмауды шешті».

СҚО ПД Патрульдік полиция батальонының бастығы полиция подполковнигі Ерлан Мәдиев айтқандай, аймақтағы кәсіпорындардың басшылары көмек қолын созудан ешқашан бас тартқан емес, қала маңындағы жолдарда қиындыққа тап болған жүргізушілерге мамандар мен техникаларын аяған емес. Бұл қауіпсіздік пен құқықтық тәртібіндегі полиция мен қоғамның ортақ ұмтылысы екендігінің айқын дәлелі.